«SDU University үздік оқытушысы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды
2025 жылдың 26 қыркүйегі мен 21 қазаны аралығында SDU University-де дәстүрлі «Үздік оқытушы» байқауы өткізілді. Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігі мен білім беру саласындағы жетістіктерін танытуға бағытталған бұл байқау университет педагогтарының академиялық және ғылыми әлеуетін арттыруға үлкен серпін берді.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар төмендегідей:
- 1-орын – Ақпараттық технологиялар және математика мектебі, Математика және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ассистент-профессоры Баян Бекболат
- 2-орын – Ақпараттық технологиялар және математика мектебі, Математика және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ассистент-профессоры Нұрбек Қахарман
- 3-орын – Ақпараттық технологиялар және математика мектебі, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джемиль Туран
- 3-орын – Ақпараттық технологиялар және математика мектебі, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова
Жеңімпаздарға марапаттар университеттің Академиялық басқару кеңесінің отырысында табысталып, олар бірінші проректордың ресми құттықтауын қабыл алды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, олардың білім беру мен ғылымды дамыту жолындағы еңбектері алдағы уақытта да университетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.





Previous
Next
