SDU University Хабаршысы ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді
SDU University Хабаршысы: Педагогика және оқыту әдістемесі ғылыми журналының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне (2-тізім) енгізілгенін қуана хабарлаймыз.
Аталған шешім 2026 жылғы 13 ақпандағы №117 бұйрық негізінде қабылданды.
Бұл жетістік журналдың институционалдық дамуына жаңа серпін беріп, отандық және шетелдік авторлар мен зерттеушілер үшін ғылыми нәтижелерін жариялауға кең мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.
Осы маңызды нәтижеге қол жеткізуге зор үлес қосқан журналдың редакциялық алқасына, Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебінің ұжымына, сондай-ақ атсалысқан барлық әріптестерге жоғары кәсібилігі мен жүйелі еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
SDU University алдағы уақытта да сапалы ғылыми зерттеулерді қолдап, білім мен ғылымның дамуына үлес қоса бермек.

