SDU University студенттері Red Hat компаниясының өкілдерімен кездесті
SDU University-де әлемдік деңгейдегі enterprise open source шешімдерінің жетекші әзірлеушілерінің бірі — Red Hat компаниясының өкілдерімен студенттерге арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақтар компанияның даму тарихымен, open source мәдениетінің негізгі қағидаттарымен таныстырып, заманауи технологиялар мен ашық шешімдердің индустрияның өсуіне ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге арналған оқу, сертификаттау мүмкіндіктері мен халықаралық деңгейдегі кәсіби даму жолдары таныстырылды.
Спикерлер жасанды интеллект саласындағы өзекті трендтерге ерекше тоқталып, олардың ІТ индустриясының болашағын қалай қалыптастыратынын түсіндірді. Студенттер мамандардың тәжірибесіне негізделген құнды кеңестер алып, мансаптық бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды.
SDU University атынан Жанель Егерова мен Александр Коноваловқа мазмұнды дәрісі, уақыт бөлуі және кәсіби менторлығы үшін зор алғыс білдіреміз.
Университет жетекші технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты жалғастырып, студенттерге білімін тереңдетуге, дағдыларын дамытуға және заманауи индустрияға жақын ортада тәжірибе жинауға мүмкіндік туғызатын жаңа платформаларды қалыптастыруда.




