SDU University студенттері мен оқытушылары халықаралық жүлделерге ие болды
SDU Әлеуметтік ғылымдар, Бизнес және Құқық мектебінің өкілдері Қытайда өткен Belt and Road International Speech Competition байқауында жүлделі орындарға ие болып, университетіміздің мәртебесін тағы бір биікке көтерді.
Экономика білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері — Ясир Арслан, Әсемай Пулатова және Зере Туралықова International Electric and Energy Market Business Decision Simulation Competition атты халықаралық байқауда 2-орынға ие болды.
Жас студенттердің алғашқы академиялық қадамдарында осындай биік жетістікке жетуі — олардың табандылығы мен еңбегінің жемісі.
Сонымен қатар, университеттің 3-курс докторанты әрі оқытушысы Гахвар Бхатти “SUEP Cup Belt and Road” халықаралық шешендік өнер байқауында – ІІ және ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Бұл жетістік SDU University қауымдастығы үшін зор мақтаныш. Университет ұжымы студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық аренадағы табыстарын қолдап, олардың кәсіби әрі ғылыми тұрғыда дамуына тұрақты түрде жағдай жасап келеді.

