SDU University оқытушысы IEEE Senior Member мәртебесіне ие болды
SDU University ғылым мен білім саласындағы жетістіктер қатарын толықтырып, университетіміздің Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің координаторы, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Dr. Mohammed Alaa Fadhil Al-Hadeethi (Mohammed Alaa Ala’anzy) беделді IEEE Senior Member мәртебесіне ие болды.
IEEE (Institute of Electrical and Electronics Engineers) – әлемдегі ең ірі инженерлік қауымдастықтардың бірі. Senior Member мәртебесі әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары кәсіби тәжірибе, зерттеу жұмыстары және көшбасшылық қабілеттер үшін берілетін ерекше құрмет болып табылады.
Dr. Mohammed Alaa Fadhil Al-Hadeethi 2023 жылдан бері SDU University қабырғасында қызмет етіп келеді. Бұған дейін ол Ирактағы Al-Turath University университетінде оқытушы болып еңбек еткен. Сонымен қатар, Малайзиядағы SignalTech және Huawei компанияларында радиожелі оңтайландыру инженері ретінде кәсіби тәжірибе жинақтаған.
SDU University ұжымы Dr. Al-Hadeethi-ді осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды және алдағы ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа табыстар мен жетістіктер тілейді.