SDU University оқытушысы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды
2025 жылға арналған Қ.И. Сәтбаев, Ш.Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Күлтегін, Д.А. Қонаев, М.О. Әуезов атындағы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес SDU University оқытушысы Нұрбек Қахарман талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.
Аталған конкурс аясында жас ғалымдар бір жылға есептелген ғылыми бағдарламаларын ұсынды. Ұсынылған жобалар өзектілігі, ғылыми маңыздылығы мен жаңашылдығы критерийлері бойынша жан-жақты сарапталып, нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен 50 үздік жас ғалым іріктеліп алынды.
SDU University ұжымы әріптесіміз Нұрбек Қахарманды жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу қызметіне сәттілік, шығармашылық ізденіс пен толағай табыстар тілейді. Ғылым мен білім саласындағы еңбегі еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса беретініне сенім білдіреміз.
