SDU University МФЦА Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектерін шығарды
SDU University-де МФЦА Академиясының майнор-білім беру бағдарламасы аясында алғашқы түлектер оқуын аяқтады. «Туынды қаржы құралдары – опциондар» бағыты бойынша қаржы мамандықтарында білім алып жатқан 25 студент сертификат алды.
Майнор-білім беру бағдарламалары университетке 2025 жылғы тамыз айында енгізіліп, негізгі оқу бағдарламасын толықтыратын қосымша білім беру траекториясы ретінде іске асырылуда. Бағдарлама студенттерге қаржы нарығында нақты қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама МФЦА Академиясының қатысуымен және Freedom Broker компаниясының Freedom Шапағат корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл серіктестік оқытудың қолданбалы сипатын күшейтіп, студенттердің кәсіби дайындығын арттыруға ықпал етті.
Аталған бастама университет пен қаржы индустриясы арасындағы байланысты нығайтып, білікті кадрлар даярлауға бағытталған.





