SDU University мен Changshin University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Бүгін SDU University қабырғасында Changshin University ресми делегациясы және Кёнсан-Намдо провинциясының (Республика Корея) Білім басқармасының өкілдері іссапармен болды.
Кореядан келген қонақтар қатарында:
- Dr. Choi Kyunghee – Changshin University ректоры
- Ha Jeong-su – Gyeongsangnam-do провинциясы университеттік ынтымақтастық басқармасының басшысы
- Syerikjan Jiynbai – Халықаралық студенттерді қолдау орталығының директоры
- Kim Euijin – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
- Ryu Geum-ju – Gyeongsangnam-do провинциясы университеттік ынтымақтастық басқармасының қызметкері
- Jeong Won-mi – Gyeongsangnam-do провинциясы университеттік ынтымақтастық басқармасының аға қызметкері
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, қысқы және жазғы мектептерді ұйымдастыру, студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық мобильділікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе алмасу мен университетаралық серіктестікті нығайту жайы да күн тәртібінде болды.
Кездесу барысында оңтүстіккореялық тарап SDU University-ді желтоқсан айында Кёнсан-Намдо провинциясында өтетін халықаралық білім көрмесіне қатысуға шақырды. Бұл шара академиялық және мәдени байланыстарды кеңейтуге қосымша мүмкіндік болмақ.
Кездесудің қорытындысында SDU University мен Changshin University арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат екі университет арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашып отыр.