SDU University докторантура грант иегерлері белгілі болды
2025–2026 оқу жылына арналған PhD бағдарламалары бойынша мемлекеттік гранттарды тағайындау нәтижесінде SDU University-дің үш жас зерттеушісі грант жеңімпазы атанды.
SDU University академиялық қауымдастығы атынан төмендегі докторанттарды құттықтаймыз:
- Ыдырыс Әбдібек Қасымжанұлы — D092 «Математика және статистика»
- Кеңесбай Дина Ерланқызы — D094 «Ақпараттық технологиялар»
- Тоғызбаева Гүлназ Кенесхановна — D072 «Менеджмент және басқару»
Докторантураға қабылдану – ғылыми әлеуеттің жоғары екенін көрсететін маңызды қадам. Жеңімпаздар академиялық дайындығы, зерттеушілік қабілеті және ғылымға деген жауапкершілігімен ерекшеленді.
SDU University ұжымы жаңа докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарында сәттілік, тың идеялар, жоғары нәтижелер және халықаралық деңгейдегі жетістіктер тілейді.
Құттықтаймыз!
Еліміздің ғылымына қосар үлестеріңіз арта берсін.
