Freedom Стипендиялық Бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
2025–2026 оқу жылы
SDU University студенттері үшін қуанышты жаңалық — «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры мен «НП РТС» Ассоциациясы жүзеге асыратын «Болашаққа Инвестиция» стипендиялық бағдарламасы аясында Freedom Стипендиясына өтінім қабылдау басталды.
Бағдарлама қаржы нарықтары, финтех, IT, деректер ғылымы және тұрақты даму салаларында үздік нәтижелер көрсеткен талантты студенттерді қолдауға бағытталған.
Стипендия мөлшері:
50 000 теңге
Өтінім беру дедлайны:
05 желтоқсан 2025
Өтінім формасы:
https://forms.gle/VP29cKTUA4AtuhRZ7
Іріктеу критерийлері
1. Статус
Қазақстанның жоғары оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері:
- Бакалавриат: 2–4 курс
- Магистратура: 1–2 курс
2. Оқу профилі және қатыса алатын мамандықтар
Құқық:
- 6B04201 Қолданбалы құқық
- 6B04202 Халықаралық құқық
- 6B04203 Мемлекеттік басқару құқығы
Қаржы және экономика:
- 6B04104 Қаржы
- 6B04103 Есеп және аудит
- 6B04101 Экономика
IT және инженерия:
- 6B06101 Ақпараттық жүйелер
- 6B06102 Компьютерлік ғылымдар
- 6B06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
- 6B06104 Мультимедиялық ғылымдар
- 6B06105 Бағдарламалық қамтамасыз ету
Математика және деректер ғылымы:
- 6B05401 Математика (ғылыми)
- 6B05402 Статистика және деректер ғылымы
3. Академиялық талаптар
- GPA: 3 және одан жоғары
- Академиялық қарыздың болмауы
- Тәртіптік жазалардың болмауы
4. Мотивация және белсенділік
Үміткерлерден келесі бағыттар бойынша белсенділік құпталады:
- Қаржы нарықтары, финтех, тұрақты қаржыға қызығушылық
- Кейс-чемпионаттар
- Ғылыми жобалар, конференциялар, олимпиадалар
- IT-хакатондар
- Қоғамдық жұмыс және еріктілік
5. Әлеуметтік компонент (міндетті емес)
- Қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттар
- Әлеуметтік осал топтарға жататынын дәлелдейтін анықтамалар
6. Басқа төлемдермен үйлестіру
Бұл бағдарламаға тек мемлекеттік стипендия алатын немесе стипендиясыз оқитын студенттер ғана қатыса алады.
Корпоративтік немесе жеке ұйымдардың қосымша стипендиясын алатын студенттер бағдарламаға қабылданбайды.
Қосымша сұрақтар бойынша:
📧 grantoffice@sdu.edu.kz
