SDU University қабырғасында IELTS on Computer тест орталығы салтанатты түрде ашылды

2026 жылғы 16 сәуірде Қаскелең қаласындағы SDU University қабырғасында халықаралық деңгейдегі маңызды білім беру оқиғасы – IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылған IELTS on Computer ресми тестілеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама өңірдегі жоғары білім мен халықаралық емтихан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық жоба болып табылады.

Салтанатты ашылу рәсімі

Іс-шараға SDU University басшылығы ректор Әлімжан Игенбаевтың жетекшілігімен, сондай-ақ IDP IELTS Kazakhstan делегациясы директор Алла Липинскаяның бастауымен қатысты. Ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, академиялық қауымдастық, университет қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Салтанат барысында жаңа орталықтың лентасы қиылып, заманауи талаптарға сай жабдықталған IELTS компьютерлік аудиториясы таныстырылды. Қонақтар тест тапсыруға арналған техникалық мүмкіндіктермен, қауіпсіздік жүйелерімен және емтихан өткізу стандарттарымен танысты.

Ынтымақтастық туралы келісім

Бағдарлама аясында маңызды рәсімдердің бірі – IDP IELTS Kazakhstan және SDU Extension Center (Үздіксіз білім беру орталығы) арасындағы ынтымақтастық туралы ресми келісімге қол қою болды. Бұл келісім екі тараптың халықаралық емтихан өткізу, білім сапасын арттыру және кәсіби дайындық бағдарламаларын дамыту бағытындағы ұзақ мерзімді серіктестігін бекітеді.

Ынтымақтастық шеңберінде IELTS емтиханына дайындық курстарын жетілдіру, оқыту әдістемелерін жаңарту және үміткерлерге арналған қосымша оқу ресурстарын кеңейту жоспарланып отыр.

IELTS on Computer форматының артықшылықтары

Жаңа ашылған орталық IELTS on Computer форматында емтихан тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл формат үміткерлер үшін бірқатар артықшылықтар ұсынады:

  • Нәтижелерді дәстүрлі форматқа қарағанда жылдамырақ алу мүмкіндігі
  • Тыңдалым, оқу және жазу бөлімдерін компьютер арқылы орындау ыңғайлылығы
  • Бір дағдыны қайта тапсыру (One Skill Retake) мүмкіндігі
  • Заманауи цифрлық платформа арқылы жоғары дәлдік пен тиімділік
  • Халықаралық стандарттарға толық сәйкестік

Бұл жаңашылдықтар студенттер мен талапкерлер үшін емтихан процесін анағұрлым қолжетімді әрі тиімді етеді.

Аймақ үшін стратегиялық маңыз

Қаскелеңде IELTS тест орталығының ашылуы – тек SDU University үшін ғана емес, бүкіл Алматы облысы мен оған жақын өңірлер үшін маңызды қадам. Енді үміткерлер халықаралық емтихан тапсыру үшін ірі қалаларға бармай-ақ, жергілікті жерде толыққанды тестілеуден өте алады.

Бұл өз кезегінде:

  • білім беру инфрақұрылымын күшейтеді
  • халықаралық білімге қолжетімділікті арттырады
  • жастардың академиялық және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді

Академиялық және халықаралық серіктестік

IDP IELTS Kazakhstan мен SDU University арасындағы серіктестік халықаралық тәжірибе мен жергілікті академиялық әлеуетті біріктіруге бағытталған. Бұл ынтымақтастық білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жаһандық стандарттарға сай кадрлар даярлауға жол ашады.

Сонымен қатар SDU Extension Center арқылы жүзеге асатын бағдарламалар үміткерлерге IELTS емтиханына жүйелі дайындалуға, тілдік дағдыларын жетілдіруге және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Жаңа IELTS on Computer тест орталығының ашылуы – SDU University-дің халықаралық білім беру кеңістігін кеңейту жолындағы маңызды жетістіктерінің бірі. Бұл жоба өңірдегі білім беру экожүйесін дамытып қана қоймай, Қазақстан жастарының әлемдік академиялық ортаға интеграциялануына нақты мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: