SDU University оқытушылары білім беруде жасанды интеллектіні қолдану дағдыларын жетілдірді
SDU University оқытушыларының цифрлық құзыреттерін дамыту және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану мақсатында SDU Extension Center – Үздіксіз білім беру орталығы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
«Білім берудегі жасанды интеллект: оқытуда ЖИ құралдарын практикалық қолдану» бағдарламасы 80 академиялық сағатқа есептеліп, екі кезеңде өткізілді. Курсқа университеттің профессор-оқытушылар құрамынан 131 қызметкер қатысты. Бірінші кезеңдегі 95 қатысушының 81-і оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификат алды. Екінші кезеңнің қорытындысы қазіргі уақытта шығарылып жатыр.
Курс барысында оқытушылар сапалы оқу контенті мен сабақ материалдарын әзірлеу, зерттеу деректерінің дұрыстығын тексеру, оқу ресурстарын құрастыру, күнделікті педагогикалық міндеттерді автоматтандыру және білім алушылардың оқу нәтижелерін талдау бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.
Бағдарлама HR департаментінің қолдауымен жүзеге асырылды. Бастама университеттің цифрлық трансформациясы аясында оқытушылардың жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін арттыруға және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне жүйелі енгізуге бағытталған.



