SDU University және Dostyq online арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
SDU University мен Dostyq online білім беру мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы ресми меморандум жасалды.
Келісім аясында SDU University Dostyq online оқушыларына гранттар бөлді. Бұл бастама дарынды жастарды қолдауға және сапалы жоғары білім алуға жол ашуға бағытталған.
Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобалар мен білім беру бастамаларын іске асыру жөнінде уағдаласты.
Аталған меморандум – жас талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Енді Dostyq online оқушылары үшін SDU University есігі кеңінен ашық.
SDU University ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап, Dostyq online оқушыларын университет қабырғасында қарсы алуға асыға күтеді.
