SDU University-де Mental Health апталығы өтті
Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Психологиялық қолдау орталығы және SDU Life ұйымының бірлескен ұйымдастыруымен 1–5 желтоқсан аралығында Mental Health апталығы өтті.
Аталған апталық студенттердің психикалық денсаулығын нығайтуға, сессия қарсаңында күйзеліс деңгейін төмендетуге және эмоционалдық қолдау көрсетуге бағытталды.
Іс-шара аясында 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері (қазақ және ағылшын бөлімдері) белсенділік танытып, ғылыми жобалар көрмесін, психологиялық әдістемелер жәрмеңкесін ұйымдастырды. Сонымен қатар студенттер мен қатысушыларға арналған түрлі психологиялық тренингтер өткізілді.
Mental Health апталығы студенттерге өзара тәжірибе алмасуға, психологиялық сауаттылықты арттыруға және қолайлы эмоционалдық орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.



