SDU Inclusion Talks дәрістер сериясының жаңа маусымы ерекше кездесумен басталды
SDU University-де жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін SDU Inclusion Talks дәрістер сериясының жаңа маусымы өз жалғасын тапты. Бұл жоба қоғамда инклюзия құндылықтарын дәріптеуге, түрлі өмірлік тәжірибелер арқылы шабыт беруге бағытталған.
Биылғы маусымның алғашқы спикері – Жанат Каратай, әлеуметтік кәсіпкер, аутизм бойынша сарапшы және TEDx спикері болды. Ол студенттер мен оқытушылар қауымымен кездесу барысында бейімделген спорттың маңызы, сондай-ақ тауда да, қоғамда да кездесетін кедергілерді еңсерудің жолдары туралы әсерлі ойларымен бөлісті.
“Mountains Without Limits” атты дәрісінде спикер өз өмірінен алынған мысалдар арқылы физикалық және әлеуметтік кедергілерге қарамастан мақсатқа жетудің маңыздылығын атап өтті. Оның әңгімесі қатысушыларды табандылық пен сенімге, өз әлеуетін іске асыруға шабыттандырды.
Кездесу соңында тыңдаушылар Жанат Каратайға өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, инклюзивті қоғам құру жолындағы бірліктің және өзара қолдаудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.
SDU Inclusion Talks жобасы алдағы уақытта да әртүрлі сала өкілдерін шақырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және жастарға мотивация сыйлауға бағытталған кездесулерін жалғастырады.


