SDU Extension School мектеп басшыларына арналған семинар-тренинг өткізді
2025 жылдың 29 сәуірінде SDU Extension School Астана, Шымкент, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларынан келген мектеп директорларының орынбасарларына арналған 6 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинарда тиімді жиналыс өткізу, инклюзия мен психологиялық қолдауға негізделген жаңа оқу мәдениетін қалыптастыру, заманауи көшбасшы психологиясы мен адаптивті лидерлік тәсілдерін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс тиімділігін арттыру секілді өзекті тақырыптар қамтылды.
Спикерлер – Берік Сабденәлиев, Әсем Кәукенова және Ержан Нұршанов – өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен тәжірибелік тапсырмалар арқылы белсенді жұмыс жүргізді.
Семинар соңында қатысушыларға SDU University Ректорының атынан арнайы сертификаттар табысталды.
