SDU Extension Center-де QBIS мектебінің педагогтеріне арналған 80 сағаттық «Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу» курсы сәтті аяқталды
2026 жылғы 17–28 тамыз аралығында SDU Extension Center ұйымдастыруымен QBIS мектебінің педагогтеріне арналған 80 академиялық сағаттық «Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу» біліктілікті арттыру курсы офлайн және онлайн форматта өтті.
Курс аясында педагогтер жобалық оқыту, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, зерттеу әдіснамасы, бағалау, цифрлық және AI құралдарын қолдану бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
21 тамызда SDU University қабырғасында курс қатысушылары үшін арнайы ашық ақпараттық сессия ұйымдастырылды. Сессияға оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау бойынша тәжірибесі бар шақырылған сарапшылармен қатар, SDU University профессорлары мен оқытушылары қатысты.
Курс спикерлері:
- Азат Қали — PhD, «Пәнаралық зерттеу орталығының» директоры;
- Гүлбаршын Қырғызхан — PhD, аға оқытушы;
- Бауыржан Қазиев — PhD in Education, Nottingham University, UK.
Курс талаптарын сәтті орындаған қатысушыларға аттестаттау кезінде жарамды 80 академиялық сағаттық сертификаттар табысталды.
SDU Extension Center білім беру ұйымдарының қажеттіліктеріне сәйкес педагогтерге арналған біліктілікті арттыру және кәсіби даму бағдарламаларын ұйымдастыруды жалғастыруда.
Байланыс:
+7 776 702 31 34
extension.school@sdu.edu.kz





