SDU Extension Center Tamos High School педагогтеріне арналған 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды
2026 жылғы 17–27 тамыз аралығында SDU Extension Center ұйымдастыруымен Tamos High School педагогтеріне арналған «Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курс мектептің сұранысы негізінде ұйымдастырылып, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы 20 педагогті қамтыды. Оқу үдерісі толықтай ағылшын тілінде және офлайн форматта жүзеге асырылды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен біліктілікті арттыру бағдарламаларының мемлекеттік реестріне енгізілген және педагогтерді аттестаттаудан өту үшін жарамды.
Курс барысында қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша кәсіби құзыреттерін жетілдірді:
- Module 1: Lesson Planning – сабақтарды тиімді жоспарлау;
- Module 2: Student Engagement – оқушыларды оқу үдерісіне белсенді тарту;
- Module 3: Interactive Methods – оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді қолдану.
Бағдарлама аясында халықаралық академиялық тәжірибесі бар сарапшылар дәріс және практикалық сессиялар өткізді:
- Idriss Musa Garba, PhD — Bingham University, Nigeria;
- Meruyert Bizhanova, PhD Candidate — University of Oxford, Department of Education, UK;
- Madina Ashirimbetova, PhD Candidate — Academic Mobility, Universitas Negeri Yogyakarta, Indonesia, Senior Lecturer, SDU University.
Курс барысында педагогтер заманауи оқыту әдістерін практикада қолданып, сабақ үдерісін тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен танысты.
Курс талаптарын барлық 20 қатысушы толық орындап, нәтижесінде педагогтерді аттестаттаудан өту үшін жарамды біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды.
SDU Extension Center білім беру ұйымдарының қажеттіліктеріне сәйкес педагогтерге арналған біліктілікті арттыру және кәсіби даму бағдарламаларын ұйымдастыруды жалғастыруда.
Байланыс:
+7 776 702 31 34
extension.school@sdu.edu.kz





