SDU түлегі Дариға Булаттың стартапы халықаралық грант иеленді
2008 жылы SDU University-дің инженерия факультетін тәмамдаған Дариға Булат бүгінде CYBERPACK.AI компаниясының стратегия және ілгерілету бағыттарын басқарып, білім беру саласындағы инновацияларды дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Оның терең техникалық білімі мен үздіксіз дамуға деген ұмтылысы жобаның халықаралық табысына жол ашты.
Білім беру саласындағы осы бірегей бастама Digital Bridge 2025 форумында жоғары бағаланып, Павел Дуровтан 25 000 АҚШ доллары көлемінде грант иеленді.
Cyberpack.AI — мектеп оқушыларына арналған мобильді қосымша, веб-платформа және білім беру конструкторларын біріктіретін инновациялық экожүйе. Жоба ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) салалары бойынша 7–18 жас аралығындағы балаларға арналған. Ол оқушыларға инженерлік ойлауды дамытуға, ғылыми жобалар жасауға және халықаралық байқауларға дайындалуға мүмкіндік береді.
Бұл жетістік – қазақстандық жас мамандардың әлеуеті мен SDU University түлектерінің әлемдік деңгейде табысқа жете алатынын дәлелдейтін жарқын үлгі.



