SDU University мен Birkbeck, University of London Лондонда Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
2026 жылғы 19 қаңтарда Лондонда SDU University (Қазақстан) мен Birkbeck, University of London (Ұлыбритания) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев және Birkbeck, University of London атынан инновациялар және академиялық даму жөніндегі вице-канцлердің орынбасары, профессор Joanna Leal қол қойды.
Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен ресми іс-шара аясында жүзеге асты. Аталған шара барысында British Expertise International дөңгелек үстелі өткізіліп, оған Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ Ұлыбританияның жетекші университеттерінің өкілдері қатысты.
Қол қойылған Меморандум екі университет арасындағы ұзақ мерзімді академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Құжатта академиялық алмасуларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру бастамаларын дамыту, сондай-ақ халықаралық байланыстар мен мәдениетаралық өзара ықпалдастықты кеңейту жөніндегі тараптардың ниеттері айқындалған.
SDU University мен Birkbeck, University of London аталған Меморандумға қол қою халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі тараптың студенттері, оқытушылары мен зерттеушілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

