SDU University ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді
SDU University ауылдық елді мекендердегі дарынды жастарды қолдау және олардың жоғары білімге қолжетімділігін арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарына 13 грант бөлді.
Гранттар төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылды:
- 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі – 2
- 6B01601-Тарих-1
- 6В01504-Информатика (педагогика) -1
- 6B01501-Математика (педагогика) -2
- 6В02302-Аударма ісі – 1
- 6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті – 1
- 6В01505 – Физика – 1
- 6В01506 – Химия – 2
- 6B01101 – Педагогика жене психология – 2
Бұл гранттар – пәндік олимпиадаларда үздік көрсеткіш көрсеткен, білімге деген ұмтылысы мен әлеуетін дәлелдеген ауыл оқушылары үшін жоғары оқу орнында тегін білім алуға берілетін бірегей мүмкіндік. Университет бұл бастама арқылы ауылдық жерлерден шыққан дарынды түлектерді қолдап, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына үлес қосуды көздейді.
Университет ұжымы грант иегерлерін құттықтап, оларды SDU қауымдастығына қосылып, өз қабілеттерін жан-жақты дамытуға шақырды. Білім ордасы студенттерге халықаралық деңгейдегі академиялық орта, заманауи инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігін ұсынады.



