Skip to content

SDU University жаңа оқу жылында бакалавриат бағдарламасына түскен студенттерге және үлгерімі жоғары бакалавриат бағдарламасының қазіргі студенттеріне стипендия ұсынады. Барлық гранттар бекітілген өлшемдерге сәйкес конкурстық негізде бөлінеді. 

Гранттарды бөлу кезінде білімгерлердің соңғы бірнеше жылдағы халықаралық және ұлттық деңгейдегі үлгерімі мен академиялық жетістіктері ескеріледі. 

Шәкіртақы университет қоры есебінен беріледі. Қаржылық қолдауды ұсыну және оның мөлшері университеттің белгіленген ережелері мен қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады.

 Университет өтінім берген барлық студенттерге қаржылық қолдау көрсетуге кепілдік бермейді, сондай-ақ қаржылық қолдауды бөлу шарттарын, өлшемшарттары мен тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: