Біз туралы

Біз туралы

Сулейман Демирель атындағы Университет 1996 жылы Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен еліміздің тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің қатарындағы Түркия мемлекетінің 9-шы президенті Сулейман Демирельдің  қатысуымен ашылды.

Университеттің стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты – еліміздегі және Орта Азиядағы таңдаулы, халықаралық үлгідегі жоғарғы оқу орындарының бірі болу.

Ең алғаш Алматы қаласында Орбита ықшамауданында   білім беру бағдарламасымен шағын ғимараттан бастау алған білім ордасы бүгінгі таңда, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы 14 гектарлық  алаңда заманауи талаптарға сай  40 мың шаршы метрлік кампус пен 20 000 шаршы метрлік жатақханасымен 7000-нан аса білімгерге білікті 271-ға жуық профессорлық оқытушы құрамымен білім беруде.

Университет құрамында 4 факультет мен Мультидисциплинарлық орталық жұмыс жасайды. 

  Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті
  Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті,
  Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті
  Бизнес мектебі

Ағылшын тілінде білім беретін алғашқы университеттердің бірі болып табылатын университетте қазіргі уақытта 55 білім беру бағдарламасы бар, атап айтқанда 28 бакалавриат бағдарламасы, 20 магистрлік бағдарлама және 7 докторлық бағдарлама. SDU – да үш тілді білім беру жүйесі жұмыс істейді, соған сәйкес оның білім беру бағдарламаларының 62% -ағылшын тілінде, 20% – қазақ тілінде оқытылады, ал 18% – ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде қолжетімді.

Білімгерлер толықтай ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) жүйесі арқылы дәріс алып жатыр.

Профессорлық-оқытушы құрамы – еліміз бен шетелдің белді оқу орындарын бітірген өз істерінің мамандары  болып табылады. Жалпы саны 271, оның ішінде 20% ғылым кандидаты, 36% PhD докторы жұмыс жасайды.

 2020 жылында ғылыми зерттеу бағытындағы жобаларға 59 ғылыми қызметкер қатысып, нәтижесінде Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналдарында сәйкесінше 33 және 19 ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Бұдан бөлек университеттің ғылыми департаменті 4  ғылыми журнал жарыққа шығарады.

Ғылыми орталықтардың жұмысын ерекше атап өткен жөн, себебі университетімізде 1 ғылыми зерттеу институты,  7 ғылыми зерттеу орталықтары және  4 ғылыми зертханалар жұмыс жасайды. Олар 1 мақсатты – бағдарлы, 10 гранттық қаржыландыру негізінде жобаларды  жүзеге асыруда. Олардың ішінде Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы, математика, IT саласы бойынша жобаларды атап көрсеткен жөн.  

Университетіміз Қазақстандық рейтингтік агенттіктерінің көрсеткіші бойынша жоғары орындарға ие. Мәселен, 2020 жылғы ҚР ҰКП АТАМЕКЕН рейтингінің нәтижелері бойынша Университет алғашқы 10 жоғарғы оқу орындарының ішіне кіріп, 6 орынды иеленді. Ақпараттық технологиялар бағдары бойынша үшінші, шетел тілі НААР рейтингі бойынша  қатысқан 54 жоғарғы оқу орнының ішінде 14 орынға ие болды.

Университет биылғы жылы QS EECA (Emerging Europe and Central Asia) рейтингіне қатысып 350 орын алды. Сондай-ақ, Университет Халықаралық Impact Rankings сияқты рейтингтерге белсене қатысып, жоғары көрсеткіштерге жетуді алдына мақсат қойып отыр.

 Университет үшін білім беру сапасын стандарттарға сәйкес жоғары көрсеткіштерге теңестіру өте маңызды. Осыған орай, Сулейман Демирель атындағы Университет мекемесі Аккредитация және Рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің сараптамасынан жүйелі түрде өтеді.

 СДУ-дің профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері бизнеспен серіктестік бағытында жұмыс жасайды. Ол жобаларды университетіміздің Технопаркі арқылы жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалынған.

Барлық түлектеріміз қолданатын SDUConnect арнайы қосымшасына 2000 нан астам адам тіркеліп, кәсіби даму, білім алу, байланыс, жұмыс іздеу туралы жаңалықтар мен пікір алмасып отырады.

 Университетіміздің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі – Интернационализация. Бұл бағыт бойынша бүгінге дейін Университетке шетелдік топ менеджерлер тартылып, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарына шетелдік мамандар тартылды. Жыл сайын жүзге жуық білімгеріміз Мобильдік ұтқырлық саясатымен шетелде білім мен тәжірибе алмасып келді.

Қазіргі күні университет факультеттерінде Орта Азия, Африка, Қытай, Ресей. Моңғолия сияқты елдерден 185 шетелдік студент білім алуда.

26 мемлекеттегі 56 университетпен ынтымақтастық меморандум жасалып бүгінгі таңда академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жобалар атқарылуда. Бұдан бөлек, университетіміз ERASMUS жобалары бойынша Педагогика және Инженерия бағытында жұмыс жасауда.

 

 

Халықаралық рейтингтер
 

Рейтингтің атауы / Агенттік

Жыл

Орын

Сайтқа сілтеме

 

Round University Ranking

2020

731

Сілтеме

Round University Ranking

2021

696

Сілтеме

 

Дамушы Еуропа және Орталық Азия университеттерінің QS рейтингі

2021

351-400

Сілтеме

 

Әсер ету рейтингі: сапалы білім

2021

301-400

Сілтеме

 

Әлем университеттерінің вебометриялық рейтингі

2021

5950

Сілтеме

SDU & The Bologna Declaration

In March 2010, Kazakhstan became the first Central Asian state to sign up to the Bologna Declaration and to become a member of the European Higher Education Area (EHEA). Since then, the country has adopted the three-cycle system of education (Bachelor’s, Master’s & PhD level) and is maintaining standards using different benchmark frameworks, including the European Quality Assurance Register (EQAR). Many higher education institutions in Kazakhstan, SDU included, are now also actively implementing the European Credit Transfer System (ECTS) to facilitate international mobility by promoting recognition of academic qualifications attained in Kazakhstan.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: