Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебіне кафедра меңгерушісі
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Университет стратегиясы аясында кафедраның оқу, ғылыми, тәрбие және интернационализация бағытындағы қызметін жоспарлау, үйлестіру және бақылау;
- Кафедраға қарасты БББ (білім беру бағдарламаларының ) даму жоспарларын әзірлеу және орындалуын қадағалау;
- Академиялық процестердің сапалы жүзеге асуына және үздіксіз дамуына басшылық жасау;
- Кафедраның ғылыми әлеуетін арттыру, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дамуына жағдай жасау;
- ПОҚ-ты іріктеу, жұмысқа тарту, аттестациялау және біліктілігін арттыру үдерістеріне қатысу;
- Білім беру бағдарламаларын аккредитациялау, рейтинг және сапаны қамтамасыз ету комиссиялары шеңберіндегі жұмыстарды үйлестіру;
- Жаңа білім беру бағдарламаларын ашу, қолданыстағыларын жаңарту немесе жабу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Кафедраның бюджеттік жоспарлауын жүргізу және бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
- Жұмыс берушілермен, отандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту;
- Кафедра мәжілістерін ұйымдастыру және төрағалық ету;
- Оқу сабақтарының, емтихандар мен сынақтардың кестелерін бекіту және орындалуын бақылау.
Талаптары
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі ғылыми дәрежесі;
- Ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл еңбек өтілі;
- Әкімшілік-басқару саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Ағылшын тілін білу деңгейі – Intermediate (B1);
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша сауатты болу;
- Басқарушылық, ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттер;
- MS Office және университеттің ақпараттық жүйелерімен жұмыс істей білу.
- Университеттің даму стратегиясы мен ішкі тәртіп ережелерін толық меңгеруі.
Шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 8:30–17:30, түскі үзіліс 12:30–13:30
- Кампустағы жаңа инновациялық кітапханаға қолжетімділік
- Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік
- Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер
- Кампустағы «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері
- Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері