FIBAA: сапаны қамтамасыз етудегі маңызды қадам
SDU University білім беру сапасын жақсарту және халықаралық стандарттарға сай болу мақсатында маңызды қадам жасап, институционалды аккредитация үдерісінен өтуде. 2025 жылдың 1-3 сәуір аралығында университет FIBAA халықаралық агенттігінің сарапшылар тобын қарсы алды.
Мамандар сапар барысында университеттің білім беру жүйесімен тереңірек танысып, білімгерлермен, түлектермен, профессорлық-оқытушылық құраммен, факультет қызметкерлерімен және университет басшылығымен сұхбат жүргізді. Бұл кездесулердің басты мақсаты – университеттің стратегиялық бағыттары, білім беру бағдарламалары, сапаны басқару жүйесі және инфрақұрылымын жан-жақты талдау.
Халықаралық сарапшылар тарапынан берілген кері байланыс пен ұсыныстар SDU University үшін аса маңызды. Университет жоғары сапа стандарттарын ұстануды басты ұстанымдарының бірі деп санайды және аккредитация барысында айтылған ұсыныстарды білім беру бағдарламаларын жетілдіру, академиялық стандарттарды күшейту және оқу процесін одан әрі жақсарту үшін қолданады.
Бұл үдеріс SDU University-дің білім беру саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестігін арттырып қана қоймай, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
