Көрнекті ұстаз Yusuf Yaylaci құрметіне олимпиада ұйымдастырылды
Бүгін SDU University қабырғасында білікті ұстаз Yusuf Yaylaci құрметіне алғаш рет ұйымдастырылып отырған Ішкі Тіл олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.
Yusuf Yaylaci Қазақстандағы ұстаздық қызметін ең алғаш 1993 жылы Қарағанды қаласынан бастайды. Кейін 2006 жылы SDU университетінде филология факультетінің деканы болып тағайындалып, факультеттің дамуы жолында орасан еңбек етті. Көрнекті ұстаз оқу жоспарына әдіснамалық пәндерді қосумен қатар, магистратура мен докторантура бағдарламаларының ашылуына үлес қосты және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ашылуының бастамашысы болды. Сондай-ақ ICBCB халықаралық конференциясының негізін қалады.
Ашылу салтанатына жиналған қауым ұлағатты ұстаздың еңбек жолына шолу жасап, факультет дамуына қосқан үлесін еске алды.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Сайыс нәтижесі 8 сәуір күні жарияланатын болады.


