Педагогикалық практика – студент өміріндегі жаңа белес
Бүгін SDU Life ғимаратында «Педагогикалық практика» тақырыбын арқау еткен жиын өтті.
Аталмыш жиынға 3-4 курс студенттері қатысып, қаңтар айының 22-сі мен наурыздың 16-сы аралығында өтетін 8 апталық педагогикалық практиканың барысымен танысты. Биыл тәжірибеден 260 студент өтеді.
Алдағы педагогикалық практика студенттерге осы уақытқа дейін үйренген теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге әрі игеріп жатқан мамандығын жан-жақты тануға мүмкіндік береді.


Previous
Next