Malaya университетінің профессорлары SDU төрінде
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Malaya университетінен арнайы іс-сапармен делегация келді.
Аталған іс-сапар барысында өзара келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында қосдипломдық және бірлескен бағдарламалар, академиялық және ғылыми тәжірибе алмасулар, зерттеу орталықтары негізінде ортақ жобалар жасалатын болады.
Сондай-ақ, Малайзиядан келген қонақтар факультет оқытушыларына семинар жүргізіп, Университетіміздегі студенттердің әлеуметтік өмірімен де жете танысты. Айта кетейік, Malaya Университеті әлемдік жоғары оқу орындары арасындағы жүргізілетін QS рейтингісінде 65-орынды иеленеді.





Previous
Next