Қытайда оқудың қыр-сыры: SDU студенттері ҚХР консулы Чжан Вэймен кездесті
Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының технология және ғылым жөніндегі консулы Чжан Вэй өткізген ақпараттық сессияға қатысты.
Шетелде білім алуды көздеген жастарымыздың арасында Қытай ең танымал бағыттың бірі болып саналады. Бүгінде бұл ел білім көші-қоны бойынша екінші орынға ие. Қазіргі таңда 12 мыңнан астам отандасымыз Қытайда білім алып жатыр.
Консул кездесу барысында Қытайдағы жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, тағылымдама бағдарламалары және жазғы мектептер туралы айтып, кездесуге келген студенттерге бағыт-бағдар көрсетті.
Қазақстан мен Қытайдың білім беру саласындағы ынтымақтастығы сонау 1992 жылы басталып, дипломатиялық қарым-қатынас күннен күнге нығайып келеді.

