Инженерлік және жаратылыстану факультетіне жаңа декан тағайындалды
СДУ Университеті Инженерлік және жаратылыстану факультетінің деканы болып Рамис Ахмедов тағайындалды.
Рамис Ахмедов Сулейман Демирель атындағы Университеттің бакалавр, магистр және PhD дәрежесін алған.
2006 жылдан бері Рамис Ахмедов Университетіміздің оқытушылығымен қатар, қоғамдық жұмыстарын да белсене атқарып келді. Сондай-ақ 2019 жылдан бастап СДУ Түлектермен байланыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Халықаралық журналдарда ғылыми мақалалары жарыққа шыққан.
Рамис мырзаның тәжірибесіне сүйене отырып, факультеттің өнеркәсіппен байланысы одан ары күшейеді деген сенімдеміз!