ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ (CARC)

Орталық туралы

2019 жылы құрылған SDU Орталық Азияны зерттеу орталығы (CARC) – Орталық Азия аймағындағы құқық, медиа және халықаралық қатынастар салаларында білім мен түсінікті тереңдетуге ұмтылатын ғылыми орталық.

Біздің арнаулы зерттеушілер тобы SDU университетінің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді атсалысып, құқық, халықаралық қатынастар, медиа және журналистика салаларындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударады.

Мақсат пен міндеттер

Орталықтың басты мақсаты – аймақтың дамуына серпін беретін құнды талдаулар мен ұсыныстар әзірлеу.

Орталық сала бойынша белсенді зерттеушілермен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату арқылы ғылыми желіні кеңейтіп, Орталық Азияға қатысты түсінікті тереңдете түсуді көздейді. Сонымен қатар, аймақтың мәдениеті мен өнер салт-дәстүрлерін әлемдік ғылыми шеңберге ұсыну арқылы әртүрлі көзқарастар арасындағы академиялық диалог пен ғылыми мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Осы мақсатта орталық әр екі жыл сайын өңірге қатысты тың тақырыптарды зерделей отырып, International Conference on Law and Social Sciences (ICLSS) атты халықаралық конференцияны өткізіп келеді. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап журналистика мен медиа саласының зерттеушілеріне арналған SDU Journal of Media Studies және құқық саласындағы мамандар мен ғалымдарға арналған SDU Law Journal атты ғылыми журналдарды жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз.

Команда

Ислам Супыалдияров

Ғылыми орталық директоры

Ислам Супыалдияров — SDU University Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының Аға оқытушысы, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD кандидаты. Оның ғылыми қызығушылықтары Орталық Азия геосаясаты, ірі державалар арасындағы бәсекелестік және өңірдің саяси экономикасы мәселелерін қамтиды, соның ішінде Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы стратегиялық бәсекесіне ерекше назар аударады. Ол жетекші академиялық және аналитикалық институттарда зерттеу және саясатқа бағытталған тәжірибеден өткен, соның ішінде Ресей Ғылым Академиясының Демографиялық зерттеулер институтында ғылыми тағылымдамадан өткен және Central Asia Barometer жобасы аясында қолданбалы зерттеулерге қатысқан. Ол геосаясат, қауіпсіздік және өңірлік билік динамикасы тақырыптарына арналған ОБСЕ Академиясының (Бішкек) және Варшава университетінің халықаралық жазғы мектептері мен кәсіби оқу бағдарламаларына қатысқан. Оның ғылыми еңбектері рецензияланатын академиялық журналдарда жарияланған. Ол саяси ғылым саласындағы Praghna үнді ғылыми қоры тағайындаған В. Раджаманикам атындағы ғылыми сыйлықтың иегері. Қазіргі уақытта Орталық Азия зерттеу орталығында пәнаралық зерттеу бастамалары мен халықаралық академиялық әріптестікті үйлестіреді.

Дурдона Юсупова

Ғылыми қызметкер

Дурдона Юсупова – SDU Университетінің Аға Оқытушысы және Нархоз Университетінің Мемлекеттік Басқару Ғылымдарының PhD Кандидаты. Жапонияның Халықаралық Университетінде Халықаралық Қатынастар Магистрі дәрежесін алған. Оның ғылыми қызығушылықтары инклюзивті білім беру саясаты, мемлекеттік басқару, әртүрлілік және адам құқықтары, сондай-ақ аймақтану, постколониализм және отаршылдықтан кейінгі саясат пен білім өндірісіне көзқарастар. Оның зерттеулері Қазақстандағы білім беруді инклюзивті басқаруға бағытталған және оның жұмысы ұлттық және халықаралық журналдарда және конференция материалдарында жарияланған. Ол халықаралық академиялық конференцияларда өз зерттеулерін ұсынды және Уппсала Университетінде (Швеция) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар ол халықаралық қатынастар және жаһандық басқару курстарынан сабақ береді.

Әлия Анипина

Аға ғылыми қызметкер

Әлия Анипина — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ассистент-профессоры. 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. Ғылыми қызығушылықтары шығыстану филологиясы (қытай тілі), аударматану, лексикология және лингвомәдениеттануды қамтиды. Ол үш оқулықтың және бес сөздік пен сөйлесу құралдарының авторы. 2016 жылы Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп қазақша-қытайша және қытайша-қазақша сөйлесу кітабын әзірлеуге қатысқан. Ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін 2024 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Майгүл Әбілова

Аға ғылыми қызметкер

Майгүл Әбілова – Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі, Құқықтану мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесіне ие. Оның ғылыми қызығушылықтары азаматтық құқық, халықаралық жеке құқық, халықаралық сауда шарттары, халықаралық коммерциялық арбитражды қамтиды. Майгүл Әбілованың жарияланымдары шетелдік элементі бар дауларды шешуде коллизиялық нормаларды қолдану және қолданылатын құқықты анықтау мәселелеріне арналған. Әбілова 36 еңбектің, соның ішінде монографияның авторы, әрі оның еңбектері қазақстандық және халықаралық басылымдарда, конференция материалдарында жарық көрген. Ол оқытушылық және ғылыми қызметін мамандығы бойынша практикалық жұмыспен ұштастырады.

Шатлық Аманов

Аға ғылыми қызметкер

Шатлық Аманов SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасында 2017 жылдан бері Ассистент профессор лауазымында қызмет етіп келеді. Мемлекеттік саясат мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын үздік бітіргеннен кейін, ол жеке секторда бірнеше басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық, қауіпсіздік зерттеулері, салыстырмалы саясат және дипломатия бойынша пәндерден сабақ береді. Оның зерттеу қызығушылықтары сыртқы саясат, халықаралық ұйымдар, салыстырмалы саясат және аймақтану салаларына бағытталған. Оның соңғы жарияланымдарына Routledge (2024) баспасынан шыққан “Үндістанның жаһандық оңтүстіктегі өсуі және INSTC: Оңтүстік−Оңтүстік ынтымақтастығы 3.0 моделінен алатын ойлар” және SDU университеті (2020) басып шығарған “Қазақстанның сыртқы саясаты және адам құқықтары” атты кітап тарауы, сондай-ақ Journal of Globalization Studies журналында “ЕАЭО-ның ғаламдық мәселелер бойынша сыртқы конвергенциясы: БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс беру, 2000–2020” және ҚазҰУ Хабаршысында “1990-жылдардың ортасындағы Оңтүстік Кавказ халқының демократиялық бағдарлары” атты бірнеше ғылыми мақалалар жатады. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты туралы зерттеу мақаласын жазуда.

Марат Естемиров

Аға ғылыми қызметкер

Марат Естемиров – СДУ Университеті, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры. Оның жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызметінен тыс жеке компанияларда заңгер ретінде жұмыс істеген тәжірибесі бар. Марат Естемиров PhD докторы дәрежесін 2018 жылы алды.  Оның ғылыми ізденіс жүргізетін бағытары Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, корпоративтік құқығы, банкроттық құқығы салаларын қамтиды. Ол Италия, Түркия, Ресей, Германия жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамалардан өтті.

Сергей Голунов

Аға ғылыми қызметкер

Сергей Голунов Нижний Новгород мемлекеттік университетінде докторлық дәрежеге ие болды. Өзінің ғылыми қызметінде ол Алматы Менеджмент Университетінде, МГИМО университетінде (Ресей), Кюсю университетінде (Жапония) және Волгоград мемлекеттік университетінде профессор лауазымдарында жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Сергей Голунов Ресей Ғылым Академиясы жанындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының жетекші ғылыми қызметкері, Тарту университетінің (Эстония) ғылыми қызметкері және Дарем университетінде (Ұлыбритания) Marie Curie бағдарламасы бойынша зерттеуші болып жұмыс істеген. Ол шамамен 200 ғылыми еңбектің, соның ішінде бірнеше монографияның авторы, олардың ішінде “ЕО-Ресей шекара қауіпсіздігі: сын-қатерлер мен шешімдер” (Routledge, 2012), “Жасырын мәселе: Ресей университеттеріндегі сыбайлас жемқорлық және алаяқтық” (Ibidem, 2014) және “Ресей-Қазақстан шекарасы: қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері” (Волгоград мемлекеттік университеті, 2005) атты еңбектері бар. Оның ғылыми зерттеулері шекаралық зерттеулерге, әсіресе трансшекаралық ынтымақтастыққа және энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты дәстүрлі емес қауіпсіздік мәселелеріне бағытталған. Өзінің ғылыми қызметінде доктор Голунов көптеген халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, беделді гранттарға ие болды. Оның ішінде Еуропалық Одақтың Marie Curie бағдарламасы, Fulbright бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресей ғылым қорының гранттары және басқа да гранттар бар.

Ғалым Жүсіпбек

Аға ғылыми қызметкер

Ғалым Жүсіпбек  Қазақстандағы SDU университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ол PhD дәрежесін Анкара университетінің Саясаттану факультетінен алды. Оның докторлық диссертациясы сыни теориялар/неограмшиандық көзқарас, Еуропа және Еуразия қауіпсіздігі, сондай-ақ ориентализм тақырыптарына арналған. Ғалым Жүсіпбектің ғылыми қызығушылықтары сыни теориялар, сыни реализм, адам құқықтарының теориялық негіздері, инклюзивті даму, «мұсылман әлеміндегі» идеялық бағыттар, әйелдер құқықтары, балалар құқықтары және деколониялық көзқарасты қамтиды.

Есенгүл Қап

Аға ғылыми қызметкер

Есенгүл Қап – SDU-дің ассистент профессоры және «Мінбер» журналистика шеберлігі орталығының басшысы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде халықаралық және мультимедиялық журналистика бойынша магистр дәрежесін алған. Журналистикада жиырма жылға жуық тәжірибесі бар Есенгүл Қап әртүрлі

басылымдарда жұмыс істеді, соның ішінде «Шалқар» (1994-1998), «Қазақ елі» (1998-1999) және «Түркістан» (1999-2014) газеттерінде. Сонымен қатар, ол BBC-дің қазақ қызметімен (2004-2006) және Радио Азаттық/Радио Свободная Европа-ның қазақ қызметімен (2008-2012) фрилансер ретінде ынтымақтасқан. Есенгүл Қап алғашқы қазақ онлайн жаңалықтар сайты www.tarlan.kz-тің (2002-2004) негізін қалады және кейінірек екі жаңалықтар сайтына жетекшілік етті: turkystan.kz (2009-2014) және minber.kz (2009 жылдан бастап). Ол қазір де «Мінбер» журналистика шеберлігі орталығын басқарып, қазақ журналистерінің кәсібилігін арттыруға арналған 50-ге жуық семинар ұйымдастырды. Оның зерттеу қызығушылықтарына медиаэтика, медиақұқық, медиасауаттылық және сын тұрғысынан дискурс талдау жатады.

Асылзат Қарабаева

Қосымша аға ғылыми қызметкер 

Асылзат Қарабаева Жапонияның Халықаралық университетінде халықаралық қатынастар бойынша PhD дәрежесін алды. Оның зерттеулері негізінен Еуразиядағы аймақтық құрылыс процестерін шектеу және нығайтудағы нормалардың (идеялар, сәйкестік және мәдениет) рөліне бағытталған. Оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар. Асылзат Қарабаева сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен басқа да шетел үкіметтері мен халықаралық институттар (ДСҰ, ITC, ЮНКТАД, ДЗМҰ, АСЕАН және Еуразиялық экономикалық комиссия) арасындағы келіссөздер үдерісімен айналысты. Ол Джордж Вашингтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтында шақырылған ғалым болды және SDU университетінде және КИМЭП университетінде (Алматы), сондай-ақ Ниигата префектурасындағы Жапонияның Халықаралық университетінде дәріс оқыды.

Айжан Копбаева

Аға ғылыми қызметкер

Асылзат Қарабаева Жапонияның Халықаралық университетінде халықаралық қатынастар бойынша PhD дәрежесін алды. Оның зерттеулері негізінен Еуразиядағы аймақтық құрылыс процестерін шектеу және нығайтудағы нормалардың (идеялар, сәйкестік және мәдениет) рөліне бағытталған. Оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар. Асылзат Қарабаева сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен басқа да шетел үкіметтері мен халықаралық институттар (ДСҰ, ITC, ЮНКТАД, ДЗМҰ, АСЕАН және Еуразиялық экономикалық комиссия) арасындағы келіссөздер үдерісімен айналысты. Ол Джордж Вашингтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтында шақырылған ғалым болды және SDU университетінде және КИМЭП университетінде (Алматы), сондай-ақ Ниигата префектурасындағы Жапонияның Халықаралық университетінде дәріс оқыды.

Айзада Нуридденова

Аға ғылыми қызметкер

Айзада Нуридденова – SDU университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ассистент профессоры. Ол Қытайдағы Цзилинь университетінен Қытайдың сыртқы саясатына маманданған халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы дәрежесіне алды. 2023-2024 оқу жылында Джордж Вашингтон университеті жанындағы Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтының (IERES) Орталық Азия бағдарламасының (CAP) шақырылған зерттеушісі болды. Оның ғылыми қызығушылықтары Қытайдың сыртқы саясаты мен Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастыққа бағытталған.

Дархан Орынбасаров

Ғылыми қызметкер

Дархан Орынбасаров – зерттеуші, SDU университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің аға оқытушысы және Нархоз университетінің докторанты. Ол 2011 жылы SDU университетінде магистр дәрежесін алған және 2009 жылдан бастап халықаралық қатынастар мен халықаралық құқық бойынша курстар жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта ол құқық саласында соның ішінде, Ағылшын жария құқығының негіздері, Құқыққа кіріспе және әртүрлі құқық модульдерінен сабақ беріп келеді. Оның ғылыми қызығушылықтары адам құқықтары әсіресе, инклюзивті білім беру, сыртқы саясат, мемлекеттік саясат және аймақтық зерттеулерге бағытталған. Оның соңғы жарияланымдарына келесілер кіреді: Environmental Development журналында жарық көрген «Гидроэнергия Еуропалық Одақ елдерінде CO2 шығарындыларын азайтуға көмектесе ме? Квантильді бағалаудан алынған мәліметтер»  (2023), «Жаһандану және гуманитарлық қорғау: қарулы қақтығыс құқығында әскери қажеттілік қағидасы» (2021), Journal of Economic Research & Business Administration журналында жарияланған «Алматыдағы мүгедек жұмыс күшін қолдау: инклюзивті еңбек нарығына бағытталған әрекет» (2024) және Routledge басылымындағы «Қазақстан үшін көпвекторлы энергетикалық стратегияның маңызы» атты кітап тарауы (2024).

Мадияр Саудбаев

Аға ғылыми қызметкер

Мадияр Саулбаев SDU University, Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде ассистент профессор. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика және бұқаралық коммуникация мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды және Стамбул университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми зерттеулері бұқаралық коммуникация, цифрлық медиа және білім беру саласындағы инновациялық педагогикалық тәсілдерді біріктіруге бағытталған. Қазіргі уақытта ол SDU университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы қызметінің аясында академиялық жетістіктерді дамытуда, пәнаралық зерттеулерді ілгерілетуде және институционалдық өсуді қамтамасыз ететін стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесін көрсетуде.

Самат Уралбаев

Ғылыми қызметкер

Самат Уралбаев — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы. Ол Ухань университетінде (Қытай) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD докторанты. Бакалавр және магистр дәрежелерін Абылай хан университетінде алған, онда 2020–2025 жылдары аға оқытушы, декан орынбасары және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2023–2024 оқу жылында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Миннесота университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтті. Ғылыми қызығушылықтары Қытай–Орталық Азия ынтымақтастығы, аймақтық саясат, геосаясат пен геоэкономика, халықаралық ұйымдар, мәдени зерттеулер және жоғары білімді интернационалдандыруды қамтиды.

Қатира Қарымсакова

Ғылыми қызметкер

Қатира Қарымсакова — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Франциядағы Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтында (INALCO) PhD докторант. Магистр дәрежесін Сорбонна–Қазақстан институтында және Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде алған. Қатира француз тілін халықаралық қатынастар саласында оқытады. Оның ғылыми қызығушылықтары қазіргі және жаңа дәуірдегі Орталық Азия тарихы мен өркениетін, саяси процестерді, мәдениетаралық байланыстарды, отарлық кезеңнен тәуелсіздікке дейінгі ислам мен радикалданудың әлеуметтік қабылдануын, сондай-ақ Орталық Азия білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәсілдерді зерттеуді қамтиды.

Айкерим Алимжанова

Аға ғылыми қызметкер

Айкерім Алимжанова – 2024 жылдан SDU университетінің ассистент профессоры, PhD. Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі. Осы уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жиырма жылдай еңбек еткен. Ол медиа коммуникация саласында медиасауаттылық, мәдениет аралық коммуникация бағытында ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келеді. 2022 жылы халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та Нью-Йорк Фильм академиясында бір жылдық тағылымдамадан өткен. Ол ЮНЕСКО қолдауымен жүзеге асырылатын медиа білім беру жобаларына белсенді қатысып, жыл сайын өтетін медиа мектептерде тренер-спикер ретінде дәріс оқиды. Сондай-ақ Түркия, АҚШ, Қытай, Венгрия, Польша, Италия университеттерінде ғылыми тағылымдамалардан өтіп, конференцияларға қатысқан. Айкерім Алимжанованың ғылыми еңбектері рецензияланатын басылымдарда жарияланған, сонымен қатар мультимедиалық журналистика бойынша монография мен бірқатар оқу құралдары жарық көрген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері болған. Сонымен қатар Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығының (CAAAE) «Журналистика» бағыты бойынша эксперті.

Мерием Сюрмен

Ғылыми қызметкер

Мерием Сюрмен – Қазақстандағы SDU университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы және халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының координаторы. Ол Глазго университетінің, Тарту университетінің және Ягеллон университетінің Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеулері бойынша халықаралық магистр дәрежесіне ие. Оның ғылыми қызығушылықтары миграция және естеліктер саясатына бағытталған.

Сұлтан Жиенбаев

Ассистент координатор

Сұлтан Жиенбаев — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ассистент-оқытушысы. Оның академиялық бағыты Орталық Азия мен Таяу Шығыс саясаты, регионализм және мемлекет құру үдерістерін қамтиды. Ол ғылыми конференцияларды ұйымдастыруға және сыни ойлауды дамытуға бағытталған оқу курстарын әзірлеуге қатысқан. Зерттеу қызығушылықтары саяси мәдениет, тарихи нарративтер және Қазақстанның сыртқы саясатына бағытталған. Сонымен қатар аймақтық зерттеулер саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында шет тілдерін тереңдетіп оқып жүр.

Жоспар

Жоспарланған іс-шара Мерзімі
Student research conference
November-December 2026
Thesis writing session for Social Sciences students (with CARC members)
November-December 2026
Thesis writing session for Law students (with CARC members)
November-December 2026
Research seminar with Galym Zhussipbek
February 2026
Research seminar with Sergei Golunov
March 2026
Visiting Scholar Program (Pilot)
March 2026
Summer School 2026 on Central Asian Studies (in partnership with a collaborating institute, TBA)
August 2026

Іс-шаралар

Book launch and panel discussion “New Media and Political Participation in Russia and Kazakhstan: Exploring the Lived Experiences of Young People in Eurasia”

Жарияланымдар

Студенттік конференциясы - 2024

Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі Орталық Азия зерттеу орталығы (CARC) SDU университеті магистрантура, бакалавриат бағдарламалары студенттерін және зерттеуге қызығушылығы бар 25 жасқа дейінгі SDU университетінің жас қызметкерлерін зерттеу жобаларын әзірлеп, өз жұмыстарын таныстырып, пікір алмасуға шақырады. Конференция 2024 жылғы 21 қарашада Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінде офлайн түрде өтеді. 

Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге зерттеу жобаларын әзірлеуге, зерттеу идеяларын таныстыруға және оларды өз қатарластарымен және факультет профессорларымен талқылауға мүмкіндік беру. Қатысушылардың зерттеулерінің түпнұсқалығын, дәлдігі мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін факультеттің профессорлық-оқытушылық құрам арасынан жетекші таңдап, зерттеу жобаларын олармен кеңесе отырып дайындағаны жөн.

Конференция сессиялары

  • Құқық
  • Халықаралық құқық
  • Журналистика және медиа зерттеулер
  • Халықаралық қатынастар және саяси ғылымдар

Конференция тақырыптары

  • Жария құқық
  • Жеке құқық
  • Халықаралық құқық
  • Инфрақұрылымдық байланыс, сауда, инвестициялар, цифрландыру, жасанды интеллекттің әсері
  • Миграция және шекаралық өзара әрекеттестік
  • Климаттың өзгеруі, экологиялық мәселелер, жаңартылатын энергия
  • Гендерлік перспективалар, жастардың әлеуетін арттыру, әлеуметтік және демографиялық сұрақтар
  • Аймақтық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, жаһандық басқару, сыртқы саясат, ішкі және сыртқы саясат байланысы, басқа елдерге қатысты қоғамның көзқарасы
  • Дезинформация, пропаганда, медиа сауаттылық, деректерді қорғау, дата журналистика, дата дипломатиясы
  • Орталық Азиядағы медиа ахуал

Жалпы ақпарат

  • Қатысушылар жоғарыдағы (бірақ тек солармен шектелмейтін) тақырыптарға қатысты аннотациялар ұсынуға шақырылады
  • Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын, қазақ және орыс тілдері
  • Барлық өтінімдер өтінім сауалнамасын толтыру арқылы жіберілуі тиіс
  • Өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 8 қараша
  • Сәтті үміткерлер 2024 жылғы 15 қарашаға дейін хабарланады
  • Кеш ұсынылған өтінімдер қарастырылмайды
  • Өтінім беру кезінде қатысушылар зерттеу жұмыстарының аннотациясын ұсынуы тиіс
  • Қатысушылар екі автордан құралған бірлескен зерттеу жобаларын ұсына алады

Неліктен қатысу керек?

  • Зерттеу идеялары және нәтижелерімен бөлісу
  • Қатарластармен, профессорлармен және практиктермен байланыс орнату
  • Ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту
  • Әрбір сессия бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарға жүлделер беріледі
  • Әрбір қатысушыға қатысқандығы туралы сертификат беріледі
  • Таңдап алынған жобалар электронды конференция жинағында жарияланады және 2025 жылдың сәуір айында өтетін Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің халықаралық конференциясында (ICLSS-2025) постер презентациясы түрінде көпшілік назарына ұсынылады

Аннотация жіберу нұсқаулықтары

  • Аннотация 250 сөзден аспауы керек және оның мәтінінде кестелер немесе суреттер болмауы тиіс.
  • Аннотация осында берілген үлгі бойынша дайындалуы қажет.
  • Аббревиатуралардың бірінші рет қолданылғанда толық нұсқасы жазылып, жақша ішінде қысқарған нұсқасы көрсетілуі керек (өлшем бірліктерінен басқа).

Жариялау және мақала талаптары

  • Таңдап алынған мақалалар электронды конференция жинағында жарияланады
  • Мақалалардың соңғы нұсқасы  iclss@sdu.edu.kz  электронды поштасына 2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін жіберілуі қажет
  • Мақала көлемі деректерді қоса есептегенде 3000-4000 cөз болуы керек
  • Эмпирикалық мақалалардың аннотация (150 сөз), кіріспе, мақсат, зерттеу сұрақтары, негізгі аргумент, әдебиеттерге шолу, әдістер, нәтижелер, талқылау және қорытынды бөлімдері болуы қажет. Тұжырымдамалық мақалаларда кіріспе, мақсат, зерттеу сұрақтары, негізгі аргумент, әдебиеттерге шолу, талқылау және қорытынды бөлімдері қамтылуы тиіс.
  • Әдебиеттер тізімін рәсімдеу APA стилі бойынша болуы керек. Мысалдарға назар аударыңыз
  • Мәтіндегі сілтемелер “автор-дата” форматы бойынша жасалуы тиіс
  • Мәтін бір жолдық интервалмен, Times New Roman шрифтімен, 14 өлшемде, тураланған болуы қажет
  • Мақала тақырыбы парақтың ортасына тураланып, қою қаріппен жазылуы керек
  • Автордың аты-жөні, факультеті, оқу бағдарламасы және электрондық поштасы атаудың астында ортада, кәдімгі қаріппен жазылуы керек
  • Мақала жиектері: оң жиегі 10 мм, үстіңгі жағы 20 мм, сол жағы 30 мм, төменгі жағы 25 мм. Белгілі бір ұғымдар мен маңызды идеяларды қалың немесе курсивпен белгілеуге рұқсат етіледі
  • Жаңа абзац сол жақтан 12-15 мм шегініспен басталуы қажет
  • Кестелер мен суреттер түсінікті болуы керек. Олар бұлыңғыр болмауы тиіс
  • Әрбір кесте немесе сурет нөмірленіп, қысқаша атауы және дереккөздері болуы тиіс

Егер сұрақтарыңыз болса, координаторлармен  iclass@sdu.edu.kz  электрондық поштасы арқылы байланысыңыз. 

Серіктестер

Азия зерттеулері институты, Чулалонгкорн университеті

«Heartland» сараптамалық-талдау орталығы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты»

Байланыс​

SDU Орталық Азия зерттеу орталығы

Директор
Ислам Супыалдияров
Email: islam.supyaldiyarov@sdu.edu.kz

Қазақстан Республикасы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: