Біз Туралы

Орта білім беру бөлімі және жаппай ашық онлайн курстары
“Сулейман Демирель атындағы Университет” мекемесіне қарасты Біліктілікті Арттыру және Инновация Орталығы бүкіл ел бойынша білім беру мекемелері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу арқылы Қазақстанның орта білім беру саласындағы кадрлардың сапасын арттыруды мақсат етіп қойды.
Қашықтан және аралас оқытудың бүкіл әлемде қарқынды дамуы мұғалімдерді педагогикалық тәжірибенің жаңа өзгерістеріне дайындау қажеттілігін туғызды. Олар- оқытудың жаңа әдістері мен сандық дағдыларды біріктіріп қолдану.
Орталық, сонымен қатар, мұғалімдер жұмыс процесінен қол үзбей оқытуда өз біліктілігін арттыра алатын платформа құруды немесе өзінің авторлық курстарын жасауды мақсат етіп қойды, осылайша онлайн-жаттықтырушылыққа жол ашады.

АББАС БОДАУБЕКОВ
Бөлім Басшысы
MSc Назарбаев Университеті

АҚЕРКЕ ЕСЕНБЕКОВА
Тренер
MA Назарбаев Университеті

МАДИНА МЕЛДЕБЕК
Ассистент-тренер
MA Сулейман Демирель Университеті
- Жазғы және қысқы мектептер
- i-Teacher
- 3 тілдік бағдарлама
- Барлық бағыттағы мектеп мұғалімдері
- Қазақстан мен Ресейден
Біздің қызметтер
Мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары
Бағыт бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары
Мектеп әкімшілігіне арналған біліктілікті арттыру курстары
Мектеп әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыруға арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстар
Talk-лайық Подкасты
Білім саласындағы өзекті, мұғалімдер мен оқушылардың сауалдарына жауап беретін аудио-видео подкаст
Сіздің таңдауыңыз бойынша кәсіби даму бағдарламасы (эксклюзивті)
Таңдау бойынша қажетті тақырыптар көлемінде кәсіби даму негізінде ұйымдастырылатын іс-шаралар
Алдағы іс-шаралар
Тіркеліңіз және біздің барлық алдағы оқиғаларымыз туралы хабардар болыңыз.

“The Teacher: Білікті Педагогты Қалыптастыру” екі бөлімнен тұратын курстың бірінші бөлімі өтті. Бағдарламаның бірінші бөлімі – икемді дағдылар бойынша 30 сағаттық қарқынды курс.
Бағдарламаның екінші бөлімі мұғалімдердің мамандандырылған дағдыларына бағытталған. Бұл бөлім 50 сағаттан тұрады және төрт пәндік бағытқа бөлінеді: физика-математика, химия-биология, ағылшын тілі және информатика.
1 қараша – 5 қараша, 2021

Мұғалімдердің мамандандырылған дағдыларын дамытуға арналған және STEM (физика, математика, химия, биология) & EFL (ағылшын тілі) екі бағыты бойынша өтетін “The Teacher: Білікті Педагогты Қалыптастыру” курсының екінші бөлімі өтті.
“The Teacher: Білікті Педагогты Қалыптастыру” курсына 100-ден астам мұғалім қатысып, оның 35-і курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификатты алды.
15 қараша – 25 желтоқсан, 2021 ж.

The Teacher: UPGRADE – 1-бөлімі, Икемді дағдыларға арналған бөлімі өтті. Мұғалімдер төмендегі модульдер бойынша өз білімдерін толықтырды:
– ПСИХОЛОГИЯ
– ЖЕКЕ БРЕНДИНГ
– ӘНГІМЕЛЕУ
– ЖЕКЕЛІК ДАМУ
The Teacher: UPGRADE – 2-бөлімі, Шет тілін оқытуда өз дағдыларын тереңдеткісі келетін мектептегі ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған EFL курсы өтті. Курс мазмұны төмендегі модульдер бойынша жүргізілді:
– ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
– САБАҚ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ
– БАҒАЛАУ
– ТРАНСДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ ТӘСІЛ
– АКАДЕМИЯЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
“The Teacher: UPGRADE” курсына 30 мұғалім қатысып, оның 13-і курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификатты алды.
4 сәуір – 6 мамыр, 2022 ж.

Қысқа мерзімді курстар
2021, “Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу” курсының алғашқы 2 легі Қарасай ауданында орналасқан Әл-Фараби мектеп-гимназиясының оқытушылары болды. Курс 1 айға жалғасып, мұғалімдер зерттеуге тақырып таңдаудан бастап, зерттеу нәтижесін шығаруға дейін практикалық деңгейде жұмыс жасады.
2021, Қазақ және ағылшын тілдерінде өткен “Көпшілік алдында сөйлеу” курсына Қарасай ауданында орналасқан Әл-Фараби мектеп-гимназиясының мұғалімдері қатысып, өз дағдылары мен біліктерінің артқанын қорытынды іс-шарада көрсетіп, алғыс хаттармен марапатталды.
2021, Мектеп мұғалімдеріне арналған “Дебат” курсының алғашқы 2 легі Қарасай ауданында орналасқан Әл-Фараби мектеп-гимназиясында болды. Курс 1 айға жалғасып, мұғалімдер дебаттың түрлі форматтарынан бастап, мектепішілік турнир ұйымдастырып төрешілік жасауға дейін практикалық деңгейде жұмыс жасады.

Педагогтың АК құзіреттілігі
“Педагогтың АК құзіреттілігі” курсының алғашқы легі болып Шамалған атындағы орта мектеп мұғалімдері курсты аяқтады. 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы барысында мұғалімдер 20-дан астам бағдарлама-қосымшалармен танысып, жұмыс істеудегі тиімділіктерін меңгерді.
Қараша, 2022

Alatau Creative Hub
Alatau Creative Hub-та Әуезов ауданы мектептерінің директорларына жиын ұйымдастырылып, Орталығымыздың “Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу” және “ХХІ ғасыр дағдылары” жобалары таныстырылды.
Қыркүйек, 2022

Орталығымыз №178 мамандандырылған лицей ұжымына семинарлар өткізді. Орталығымыздың директоры Арыстанбек Мәулет мектеп оқушыларының мотивациясы тақырыбын қозғаса, Орта Білім Беру бөлімінің тренері Есенбекова Ақерке оқушыларды ғылыми зерттеуге баулу тақырыбына тоқталды.
Қазан, 2022

Антиконференция
Мектеп басшылары, мұғалімдері мен әдіскерелерінің бір жерде бас қосып, мектеп қабырғасында туындауы мүмкін мәселелерді білікті мамандардың көмегімен шешуіне көмектесу үшін ұйымдастырылып жатқан іс-шара. Толық ақпаратты алу үшін біздің байланыс құралдарымыз бойынша хабарласа аласыздар.
2023 жылдың басы
ПІКІРЛЕР
Спасибо организаторам и спикерам за познавательный курс по методам и платформам дистанционного обучения. Особенно понравилось выступление Дмитрия Черкасова, его креативный подход и продвинутые методы обучения с постами и челленджами в Инстаграм и других соцсетях. Теперь я буду увереннее, снимать видео оказывается не так уж сложно, и даже можно привлекать студентов и развивать их творческий потенциал в ходе обучения.
Әр спикердің айтқан ақпараттары керемет пайдалы болды.
Оқушылармен жұмысты басқаша өткізуге идеялармен бөліскендеріңізге рахмет.
Семинар жұмысына қатысқаныма өте қуаныштымын. Жұмысты ұйымдастырған мамандарға Алғыс. Семинарға қатыса отырып, пән бойынша теориялық білімнен басқа, білімді жаңа форматта ұсыну, жеткізу бойынша, жалпы ЦБР қолдану бойынша біліміміді әлі де жетілдіру керек екенін ұғындым. Сіздер берген ақпарат ауқымы өте кең. Оны игеріп, тиянақты үйрену керек. Қазақ тілінде өте жақсы түсіндірілді.
Курс спланирован грамотно, расставлены акценты на нужных вещах при дистанционном обучении и вообще как в цифровой среде “обитать“, спикеры, модераторы и тьютеры подробно объясняли сложные моменты, и реагировали мгновенно на вопросы, то есть обратная связь предоставлена в полном объёме.
Курсты кездейсоқ көріп қалып жазылдым. Алған әсерім мен ақпараттар өте әсерлі болды. Сіздерге жұмыстарыңызда табыс тілеймін. Алдағы болатын курстарға қатысамын.
Осындай семинарларды жиі мектептер мен келісе отырып, жас ұстаздарға өткізу керек. Жалпы семинар ұйымдастырушыларға алғысым зор.
Шығармашылық табыс тілеймін.
Сіздерге алғысымыз шексіз! Осы вебинар дәрістерден көп пайдалы материалдарды, платформа, ресурстарды өзімізге алдық, қалай қолдануды, білім-алушыларға қалай сапалы, қолайлы, қызықты жеткізуді, мотивациясын арттыруды үйрендік. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту білім мекемелерінің қазіргі уақыттағы басты ұстанымдарының бірі болуы тиіс. Өйткені бұл сала заман көшінен, уақыт талабынан қалыс қалмауы тиіс. Өзгеріс қажет. Серпіліс қажет. Мектеп бағдарламалары да заман талабына сайма-сай жетілдіріліп, жаңаруы тиіс.