МЕНЕДЖМЕНТ
МАГИСТРАТУРА
БАЙЛАНЫСУ
Деңгей
Бизнес және менеджмент магистрі
Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері
Менеджмент
Бизнесті ұйымдастыру
ECTS (кредит)
122 ғылыми-педагогикалық бағыт
64 профильді бағыт
Туыстас мамандықтар
Бизнес және басқару бағыты
Вебинар
Бұл бағдарлама әлемдік бизнестің хал-ахуалы мен соңғы үрдістерін терең түсініп, зерттеу жүргізуге жол ашады. Тыңдаушылар мәдениаралық дағдылар мен кәсіпкерлікке қажет әмбебап қасиеттерін дамытатын болады. Магистратураның осы бағдарламасының түлектері әлем бойынша танымал корпорациялар мен компанияларда тәжірибеден өтіп, жұмысын бастауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ түлектер шағын және орта бизнес кәсіпорындарының иесілері, отандық компаниялардың тәжірибесімен танысады.
Білім беру менеджментінің магистрлік бағдарламасы бойынша оқыту кең білімі бар, бастамашыл, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына және заманауи технологияларға бейімд мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Студенттер ірі халықаралық компанияларда, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарда контекстпен және тәжірибемен танысатын болады.
- ECO 203 Статистика 1-5 ECTS;
- FIN 303 Қаржылық менеджмент негіздері – 5 ECTS;
Барлығы: 10 ECTSЕгер бакалавр дәрежесі туыстас мамандық болса, пререквизиттерді тапсырудың қажеті жоқ
- Менеджмент;
- Бизнесті ұйымдастыру
Негізгі оқу бағдарламасын бітірген соң студент төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе алады:
• Әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, инвестициялық, құқықтық және басқа ақпаратты құрастыра, талдай және түсіндіре білу, осы саладағы мәселелерді шешу және дәлелдерді тұжырымдай білу;
• Зерттеу есептері мен аналитикалық жұмыстарды шешу үшін алынған білімді тәжірибеде қолдана білу;
• Кәсіби білім мен біліктілікті арттыру үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету;
• Кәсіби, мәдениетаралық қарым-қатынас және кәсіпкерлік дағдыларына ие болу;
• Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымына қызығушығы бар тыңдаушылардың өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби өсуіне жағдай жасалады.