Студенттер үйі
4 блоктан тұрады және 1120 адамға арналған
sdg
Студенттер үйі кампусымыздың территориясында, оқу ғимаратынан 30 метр қашықтықта орналасқан. Студенттеріміз бен қонақтарымыз футбол, воллейбол, баскетбол алаңдарын қолдана алады. 24 сағат жұмыс жасайтын қауіпсіздік қызметі кампустағы қызметкерлер, студенттеріміз бен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Студенттер үйінің жанында шетелден келген қонақтар мен оқытушыларға арналған қонақ бөлмелері жұмыс жасайды.
Біз туралы
Қызметіміздің негізгі мақсаты – күнделікті өмірде ыңғайлы қызмет, ауызбіршілік пен өзара достық қарым-қатынас орнату арқылы жастардың еңбек пен білімге құштарлығын ояту. Бұл факторлар елімізді түрлі салада халықаралық деңгейде дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде аса маңызды. Біздің басты приоритетіміз – студент. Жауапкершілігіміз студенттеріміздің күнделікті өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қажетті психологилық көмек көрсету, спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ұлдар жатақханасы
250
жалпы орындар
90
Бос емес орындар
160
Бос орындар
Қыздар жатақханасы
250
жалпы орындар
43
Бос емес орындар
207
Бос орындар
Сдутенттер үйінің әр бөлмесінде:
2026–2027 оқу жылына арналған студенттер үйінің бағалары
ЖЫЛДЫҚ БАҒАЛАР:
- Жатақхана 1 жылдық – 552.500тг
- Асхана 1 жылдық – 586.500тг
- Жалпы сумма Жатақхана + Асхана = 1.139.000тг
СЕМЕСТРЛІК БАҒАЛАР:
- Жатақхана – 276.250тг
- Асхана – 293.250тг
- Жалпы сумма Жатақхана + Асхана – 569.500тг
*Төлемді Семестрге не бір жылға бірден жасау қажет.*
*Каспий Red арқылы бөліп төлеу бар.
Осы бағаның құрамына кіретін қызметтер:
- Таңғы Ас
- Кешкі Ас
- Клининг қызметі (әр бөлмені тазалайды)
- Медициналық қызмет
- Екі аптада бір постель жуу-жаңарту.
- Көрпе,жастық,плед.
- Фильтр таза су
- Тегін интернет Wi-Fi
- Толыққанды аумақ күзеті
- 7/24 Ресепшн жұмыс жасайды
- Футбол, баскетбол, волейбол алаңдары
- Бильярд
- Үстел теннисі
Түрлі жыл ішіндегі естен кетпес іс-шаралар.
ҰСЫНЫЛАТЫН АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР:
- GYM – Фитнес орталық
- Шаштараз (ақылы)
- Киім жуу «Өз-өзіне қызмет көрсету – 550 тг
- Кептіру қызметі – ТЕГІН(сушилка)
- Жатақхана ішіндегі Маркет
Төлем үшін
“Dorm-service ” ЖШС 040900,
Алматы обл. Қаскелеқ қаласы, Абылай хан көш., 1/1.
БИН: 110440021346
IBAN: KZ626017131000016522
БИК: KZKOKZKX
КБЕ 17
“Народный банк” АҚ
Қажетті құжаттар тізімі
- Өтініш;
- 3х4 фотосурет 4 дана
- Жеке куәлік;
- 075 форма;
- Төлем жасалғанын растайтын түбіртек көшірмесі;
- 3×4 сурет – 4 дана;
- Сенімхат (кәмелет жасқа толмағандар үшін);
- Тұрғылықты мекен жайы туралы анықтама;
- Университетке құжаттарын қабылдағаны жөніндегі анықтама.

