Мультимедиалық журналистика
- Pages
- Мультимедиалық журналистика
Магистратура
Мультимедиалық журналистика
Оқырманды еліктіріп, баурап алатын, ойландырып, шабыт сыйлайтын пайдалы да қызық, әсерлі де тартымды контент өндіру арқылы әлемді өзгертіңіз. Біздің оқу бағдарламамыз арқылы журналистік шеберлігі ұшталған, онлайн технологияны жетік меңгерген бесаспап кәсіби маман атаныңыз.
Деңгей
Мультимедиалық журналистика магистрі
Ұзақтығы
1 жыл
ECTS
60
Бағдарламаның сипаттамасы
Ең алдымен, біздің бағдарлама заманауи технологияларды жетік меңгерген, мультимедиалы жобаларды ұйымдастырып, басқара алатын магистрлерді дайындайды. Бір семестр ішінде сіз сторителлинг, контент стратегия, креативті жазу, мультимедиалы контент жасау және оның менеджменті сынды дағдыларды үйреніп шығасыз. Ал практикалық тәжірибе арқылы сіздің кәсіби машығыңыз одан ары арта түседі.
Ыңғайлы сабақ кестесі
Біздің көп магистрантымыз күндізгі уақытта жұмыс істейді, сондықтан біз сабақты сізге ыңғайлы кешкі уақытқа немесе онлайн форматта ұйымдастыра аламыз.
Бұл бағдарламаның сізге қандай пайдасы бар?
Біздің бағдарлама теориялық қана емес, журналистика кәсібіне қажет, практикада қолданылатын қабілет-дағдыны үйретеді. Компания мен клиенттің, редакция мен аудиторияның арасындағы байланыстың жақсы әрі сенімді болуы аса маңызды. Әсіресе, онлайн платформада бұны жүзеге асыру өзекті мәселеге айналды. Біздің бағдарлама осы қажеттіліктерді сапалы әрі кәсіби тұрғыда жүзеге асыруға қажетті дағды мен білімді ұсынады. Сіз осы дағдыларды үйрене отырып, өзіңіздің кәсіби саладағы біліктілігіңізді ұштайсыз әрі жаңа белестерді бағындыра аласыз.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары
- Өзін тұрақты түрде жетілдіріп отыратын, жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін тиімді пайдалана алатын, мультимедиалық дағдыларды бойына сіңірген заманауи маман дайындау;
- Мультимедиалық журналистика саласына қатысты мәселелерге, болып жатқан өзгерістер мен үрдістерге сыни әрі кәсіби көзқарас қалыптасытру;
- Онлайн платформада сапалы контент өндіре алатын, мультимедиалық соны технологияларды жақсы меңгерген магистрлер дайындау;
- Ақпаратты түрлі формада, атап айтсақ, аудио, видео, графика, мәтін түрінде өндіріп, оларды өзара үйлестіре алатын түлектерді шығару;
- Кәсіби тұрғыда өзара сабақтасқан, бір-бірін жетілдіруге ықпал ететін түлектер қауымын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері
- Негізгі және қосалқы дереккөздерден алынған суреттер мен ақпаратты жүйелі түрде әрі шығармашылық талғаммен жинап, өңдеп, ақпараттық және визуалды тұрғыда байытып, толыққанды жаңа контент ретінде жариялай алады;
- Эссе, презентация және мультимедиалы жобаға қажетті терең ізденіс пен зерттеулер жүргізе алады;
- Түрлі формадағы ақпаратты маркетинг тұрғысынан тартымды әрі тиімді жеткізе алатын кәсіби жазу машығына ие болады;
- Көпшілік алдында түрлі тақырыптар бойынша эффективті ауызша презентациялар жасай алады;
- Ішкі және сыртқы аудиторияға тиімді іскери және кәсіби мультимедиалы өнім ұсына алады;
- Мультимедиялық жоба өндіруде топпен бірлесіп жұмыс істей алады
Міндетті және таңдау пәндері
Міндетті пәндер:
Шет тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Менеджмент
Тәжірибе
Магистрлік жобаны рәсімдеу және қорғау
Таңдау пәндері:
Мультимедиалы сторителлинг
Мультимедиалы жобаларды басқару
Нарратив жазу
Медиа мен коммуникациядағы зерттеу әдістері
Жұмыспен қамтылуы
Бұл бағдарламаның түлегі ретінде журналистиканың кез келген саласында жұмысқа орналаса аласыз. Бірақ таңдау мүмкіндігі бұнымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, ірі және орта бизнестің PR, SMM, менеджмент салаларында немесе тиімді байланыс құра білуді және конвергентті медиа өндіре алуды талап ететін кез келген алаңда жұмыс істей аласыз. Біз курс барысында магистранттарға жұмысқа орналасу, мансаптық өсуге қатысты кеңестер беруге дайынбыз.
Бағдарлама тілі
Қазақша
Бағдарлама жетекшісі
Ассист. Проф. Мадияр Саудбаев