SDU University QS Sustainability 2027 рейтингінде Қазақстан бойынша 12-орын алды
QS World University Rankings: Sustainability 2027 нәтижесі бойынша SDU University тұрақты даму бағытына үлес қосып жүрген әлем университеттерінің қатарына енді.
Университет әлемдік рейтингте 1501+ тобына кіріп, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында 12-орын иеленді.
Рейтинг университеттердің қызметін үш негізгі бағыт бойынша бағалайды. SDU University көрсеткіштері:
- Environmental Impact (қоршаған ортаға әсері) — 1251+;
- Social Impact (әлеуметтік әсері) — 1251+;
- Governance (басқару) — 1251+.
QS Sustainability рейтингіне ену университеттің тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және тиімді басқару қағидаттарына бағытталған жұмысының халықаралық деңгейде бағаланғанын көрсетеді.



Previous
Next
