SDU University Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысты
SDU University өкілдері білім беру саласының өзекті үрдістері мен даму перспективаларына арналған Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысты.
Университет делегациясының құрамында стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Андрей Богданчиков, Цифрландыру орталығының директоры Ибрагим Тунжер және орталықтың бас маманы Арайлым Мардемханова болды.
Іс-шара аясында Андрей Богданчиков панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйледі. Қатысушылар сараптамалық пікірлері мен тәжірибелерін ортаға салып, білім беруді цифрлық трансформациялаудың заманауи сын-қатерлерін, мүмкіндіктері мен даму перспективаларын талқылады.
SDU University-дің цифрлық трансформация саласындағы практикалық тәжірибесін Арайлым Мардемханова таныстырды. Ол өз баяндамасында университеттің цифрлық экожүйесі, цифрландыру стратегиясы, ақпараттық жүйелерді интеграциялау, ішкі үдерістерді автоматтандыру, цифрлық сервистерді дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы баяндады.
Profit Education Day 2026 іс-шарасына қатысу SDU University-дің тәжірибесін кәсіби қауымдастыққа таныстыруға, үздік практикалармен алмасуға және цифрлық білім беруді дамытудың алдағы бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.






