SDU PRE-CONFERENCE 2026: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ДАМУ

2026 жылғы 13–14 қазанда SDU University Extension Center ELIPRO ұйымымен бірлесіп, The 12th International Conference “Building Cultural Bridges” (ICBCB 2026) және 4th Annual ELIPRO Conference аясында екі күндік SDU Pre-Conference 2026 біліктілікті арттыру іс-шарасын өткізді.

Бағдарлама академиялық зерттеу, ғылыми жазу және халықаралық ғылыми журналдарда жариялану бағыттарындағы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға арналды. Практикалық сессиялар зерттеу әдістерін меңгеруге, сандық зерттеу нәтижелерін ұсынуға және ғылыми мақалаларды дайындау мен жариялау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Іс-шараға бес халықаралық сарапшы қатысты:

  • Dr. Mona Nishizaki — ELIPRO үйлестірушісі, Ғылыми комитеттің атқарушы директоры және Генуя университетінің зерттеушісі.
    Сессия тақырыбы: Content Analysis as a Research Method.
  • Dr. Peter Kemp — King’s College London университетінің есептеуіш білім беру саласындағы зерттеушісі және оқытушысы.
    Сессия тақырыбы: A Brief History of Computing Education: From Electronic Brains to a National Curriculum.
  • Asst. Prof. Dr. Pattharaporn Thongnim — Таиландтағы Burapha University оқытушысы, статистикалық модельдеу және білім берудегі жасанды интеллект зерттеушісі.
    Сессия тақырыбы: Turning Numbers into Knowledge: Writing Methods and Results in Quantitative ELT Studies.
  • Professor Sender Dovchin — Австралиядағы Curtin University аға бас ғылыми қызметкері және халықаралық байланыстар жөніндегі деканы.
    Сессия тақырыбы: Writing and Publishing for Academic Journals.
  • Professor Sarah Hopkyns — University of St Andrews және University College London ассистент-профессоры, көптілділік және Global Englishes зерттеушісі.
    Сессия тақырыбы: Publishing and Belonging: Contributing to Journals and Their Communities.

Екі күндік бағдарлама қатысушылардың академиялық жазу дағдыларын жетілдіруге, халықаралық ғылыми тәжірибемен алмасуға және кәсіби байланыстарын нығайтуға ықпал етті.

Бағдарламаны толық аяқтаған қатысушыларға SDU University және ELIPRO атынан 36 сағаттық сертификаттар берілді. Бағдарлама практикалық сабақтарды, ғылыми әдебиеттерді талдауды, өз бетінше зерттеу жүргізуді, сондай-ақ RStudio бағдарламасын қолдануды және PISA нәтижелерін ғылыми зерттеулер аясында талдау мен түсіндіруді қамтыды.

SDU University Extension Center академиялық қауымдастықтың кәсіби дамуын қолдауға, зерттеу әлеуетін арттыруға және халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Қандай да сұрақтарыңыз болса немесе осындай семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық орнатқыңыз келсе, бізбен байланысыңыз!

Email: extension.school@sdu.edu.kz
Тел.: +7 706 702 31 34

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: