SDU University мен Германия арасындағы академиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
16 қазанда SDU University-ге Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер ресми сапармен келді.
Сапар барысында университет өкілдері SDU University-дің академиялық бағдарламалары, халықаралық серіктестіктері және білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы таныстырды.
Кездесуде Германияның жоғары оқу орындарымен академиялық байланыстарды кеңейту, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар SDU University-де неміс тілін бірінші шет тілі ретінде оқыту мүмкіндігі қарастырылды.
Кездесу Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа серіктестік бағыттарын дамытуға мүмкіндік берді.



Previous
Next
