Самат Мақсұтовқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді
PhD, «Білім беру және гуманитарлық ғылымдар» мектебінің қауымдастырылған профессоры Максутов Самат Муратбекулы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен 50300 – Білім ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.
Бұл жетістік – ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және ғылыми-зерттеу мен педагогикалық қызметтегі жоғары жетістіктерінің нәтижесі.
Самат Максутовты ғылыми атақтың берілуімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы ғылыми әрі шығармашылық қызметіне толағай табыс тілейміз!


Previous
Next