SDU Extension Center-де 80 сағаттық «STEM интеграциясы» біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды
2026 жылғы 17–27 тамыз аралығында SDU Extension Center және STEM орталығының ұйымдастыруымен «STEM Интеграциясы: мұғалім құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа 22 педагог қатысты.
Курс барысында қатысушылар STEM және робототехника саласындағы заманауи білім беру тәсілдерімен танысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Бағдарламада FIRST жарыстарының құрылымы мен ерекшеліктері қарастырылып, FLL Challenge, FTC, Electronics, 3D Printing және Drone бағыттары бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Курс спикерлері:
- Тимур Макажанов — FLL Challenge;
- Дильназ Мырзахмет — FTC;
- Ансар Мұрат — Electronics;
- Жасмин Шөмекей — 3D Printing;
- Ардақ Артықбаева — Drone.
- Курс соңында қатысушыларға ресми реестрге енгізілген және педагогтерді аттестаттау
кезінде жарамды 80 сағаттық біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды. Барлық қатысушыларды курсты сәтті аяқтауымен құттықтап, алдағы кәсіби жолдарына сәттілік тілейміз! Сондай-ақ аталған курстың келесі легін өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Жаңа оқу мерзімі мен тіркелу туралы толық ақпарат жақын арада жарияланады.





