Шетел тілі: екі шетел тілі

Касымова Гульнара Маматбековна – Педагогика ғылымдарының докторы, SDU University профессоры, Диссертациялық кеңестің төрағасы
Жарияланымдар: – 130-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде Web of Science және Scopus сияқты халықаралық деректер қорларында индекстелген жетекші журналдардағы 8 мақаланың авторы
Зерттеу бағыты: – болашақ шет тілі мұғалімдерінің коммуникативтік, мәдениетаралық және зерттеушілік құзыреттілігін дамыту, болашақ шет тілі мұғалімдерін даярлауда цифрландыру, инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оқу-әдістемелік материалдарды бағалау.

Ногайбаева Ақмаржан Алмурзаевна – PhD (Education), қауымдастырылған профессор, диссертациялық кеңес мүшесі
Жарияланымдары: Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелген 7 ғылыми жарияланымның авторы, сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектері бар.
Зерттеу бағыттары: жоғары білім беру, білім берудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, корпус лингвистикасы, жанрлық талдау (genre analysis), докторантура саясаты мен реформалары, білім беру саясаты, сапаны қамтамасыз ету және білім беру зерттеулерінің әдіснамасы.

Зульяр Кавашев – PhD, Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебі Тілдер департаментінің ассистент профессоры, ғылыми қызметкер, диссертациялық кеңес мүшесі
Жарияланымдары: 8-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде монографиядағы тараудың және Q1 және Q2 деңгейіндегі жетекші халықаралық рецензияланатын журналдардағы (Scopus / Web of Science) мақалалардың авторы, олардың қатарында Journal of Computing in Higher Education, Journal of Advanced Nursing және American Journal of Distance Education бар.
Зерттеу бағыттары: Жоғары білім беру, тілдерді оқыту, онлайн-оқыту, білім берудегі жасанды интеллект (ЖИ), хьютагогика, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларының тоғысындағы мультидисциплинарлық зерттеулер.

Есжанова Сәуле Төлепбергенқызы – философия докторы (PhD), ассистент профессор, диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы
Жарияланымдары: Web of Science және Scopus халықаралық дерекқорларына енген 6-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Зерттеу бағыттары: жоғары білім беруді интернационалдандыру, ұйымдық трансформация, университеттерді басқаруда жасанды интеллектті қолдану, стратегиялық жоспарлау, ұйымдық мәдениет, жоғары білім беру саясатын іске асыру және дамыту, оқытушылардың автономиясы, жоғары білім беру жүйесінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.