PRO ERTEN подкастында: SDU University өкілдері IT мен білім берудегі трендтерді талқылады
SDU University өкілдері Андрей Богданчиков пен Мерарслан Мералиев PRO ERTEN подкастының жаңа шығарылымына қатысып, IT және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Подкаст барысында спикерлер қазіргі заман талаптарына сай жасанды интеллектіні тиімді қолдану, технологиялармен үйлесімді даму және сыни ойлаудың маңыздылығы туралы ой қозғады. Сонымен қатар, олар интеллект арқылы нарықта ерекшелену жолдары мен болашақ мамандарға қажетті дағдылар жайында пікірлерімен бөлісті.
Аталған шығарылым IT мен білім беру саласындағы соңғы трендтерге қызығушылық танытатын барша көрерменге пайдалы болмақ. Толығырақ ERТEN Media сайтынан оқи аласыздар.
