Шолу
Конференция туралы
Science Talks: All about Inclusion II Халықаралық конференция
«SDU University» мекемесі инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын танымал етуге бағытталған Science Talks: All about Inclusion II Халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру аясында жүргізілген терең әрі жоғары сапалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау және тәжірибе алмасу, сондай- ақ цифрлық технологиялар және ерекше білім беру мен қолдауды қажет ететін балаларды оқыту, қоғамға бейімдеу салаларындағы сарапшылар мен зерттеушілер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту.
Конференцияға қатысуға білім беру және цифрлық технологиялар саласындағы ғалымдар, жас зерттеушілер, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы сарапшылар, сонымен қатар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөліскісі келетін мамандар шақырылады. Іс-шара барлық қатысушыларға ғылыми нәтижелерді, оның ішінде зерттеудің бастапқы кезеңінде алынған аралық нәтижелерді ұсынуға және кәсіби деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін құрылымдалған, қолайлы әрі қолдаушы академиялық алаң қалыптастырады.
Сонымен қатар, конференция аясында білім беру саласындағы заманауи технологияларға арналған көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қатысуға арналған шақыру хат 1-қосымшада берілді. Конференция 2026 жылы 14 сәуір күні Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1, SDU университеті, Mini Red Hall залында өтеді.
КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ
- Инклюзивті білім беру жағдайында озық технологияларды тиімді қолдану
- Қолайлы білім беру ортасы және білім алушылардың психоәлеуметтік әл-ауқаты
- Бала дамуының жеке ерекшеліктері және ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтау мен қолдау жүйесі
Ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған қатысу шарттары:
● Конференцияның жүргізу тілдері: ағылшын, қазақ және орыс тілдері.
● Авторларға өз зерттеулерін презентациялауға 15 минут және сұрақтар мен жауаптар үшін 5 минут беріледі.
● Авторлар сілтеме арқылы өтіп қатысу формасын толтырып, 250–300 сөзден тұратын кеңейтілген тезистерін жүктей алады. Мерзімнен кейін тапсырылған кеңейтілген тезистер ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.
● Авторлар өз жұмыстарында көрсетілген ақпараттың шынайылығы мен сенімділігі үшін толық жауапты.
● Автор тезис ұсыну арқылы өзінің авторлық құқығын мойындайды және Science Talks – 2026-ға береді.
● Конференция материалдары, соның ішінде тезистер жинағы және электронды конференция материалдары «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ» деген атаумен жарияланады және Әлеуметтік және Инклюзивті білім беру зерттеу орталығының ресми веб-парақшасында қолжетімді болады.