Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебінің бағдарламалары ASIIN халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті
Аккредиттеу комитетінің шешімі негізінде SDU University Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебінің бакалавриат деңгейіндегі Математика, Физика, Информатика, Химия-биология білім беру бағдарламалары ASIIN (Германия) халықаралық агенттігінің бағдарламалық аккредитациясынан 5 жыл мерзімге шартсыз сәтті өтті.
Аталған нәтиже білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін, академиялық сапаның жоғары деңгейде қамтамасыз етілетінін және түлектерді даярлау жүйесінің тиімділігін айқындайды.
Бұл жетістік — профессор-оқытушылар құрамының, академиялық және әкімшілік қызметкерлердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Аккредитациядан сәтті өту университеттің білім беру сапасын арттыруға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған стратегиялық мақсаттарының орындалуын көрсетеді.
Барша қатысқан ұжым мүшелерін маңызды жетістікпен құттықтаймыз!
