SDU Extension Center жобалық оқытудағы пәнаралық мүмкіндіктерге арналған онлайн курсты өткізді
SDU Extension Center орталығы Пәнаралық зерттеу орталығымен бірлесе отырып, 2025 жылғы 18–27 желтоқсан аралығында мемлекеттік реестрге енгізілген «Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу» 80 сағаттық курсының аясында «Жобалық оқытудағы пәнаралық мүмкіндіктер» тақырыбындағы курсты онлайн форматта өткізді.
Курсқа 28 тыңдаушы қатысып, олардың 21-і курсты сәтті аяқтап, мемлекеттік үлгідегі аттестациядан өтуге жарамды сертификатқа ие болды.
Курс ұйымдастырушылары барлық қатысушыларды оқуды табысты аяқтауларымен құттықтап, ғылыми жоба жазу барысында тың идеялар, нәтижелі зерттеулер мен кәсіби жетістіктер тілейді. Алынған білім мен дағдылар білім беру тәжірибесінде нақты нәтиже беретініне сенім мол.
Біліктілікті арттыру курстарымыз туралы алғашқылардың бірі болып хабардар болу үшін парақшамызды қадағалаңыз.
SDU Extension Center — сіздің кәсіби дамуыңыздың жаңа көкжиегі.
📞 Байланыс үшін: +7 776 702 31 34
