Жобалық оқытудағы пəнаралық мүмкіндіктер

Республика көлеміндегі гуманитарлық пəн оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсы

Кімдерге арналған?

Бұл курс Тарих, Қазақ тілі, Əдебиет, География, Ағылшын тілі пəндерінің мектеп жəне колледж мұғалімдеріне арналған.

Курс мақсаты

- Гуманитарлық пəндерді оқытуда жобалық əдісті тиімді қолдану жолдарын меңгерту
- Пəнаралық байланыстарды интеграциялау арқылы оқыту сапасын арттыру
- Мұғалімдердің заманауи педагогикалық технологиялар мен əдістемелік дағдыларын жетілдіру

Курстың мазмұны

1. Жобалық оқытудың теориялық негіздері
2. Гуманитарлық пəндерде жобалық əдісті қолдану үлгілері
3. Цифрлық технологиялар жəне пəнаралық байланыстардың мүмкіндіктері
4. Оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларды дамыту əдістері
5. Жобалық жұмыстарды бағалау жəне кері байланыс беру

Сіз не үйренесіз?

- Жобалық оқытуды пəніңізге бейімдеу
- Пəнаралық тапсырмалар əзірлеу
- Оқушылардың қызығушылығын арттыратын жобаларды жоспарлау
- Проект жұмысын бағалаудың нақты критерийлерін қолдану
- Цифрлық құралдарды сабақта тиімді пайдалану

Өткізу форматы мен мерзімдері

Формат Ұзақтығы Тіркелу мерзімі Басталу уақыты Аяқталу уақыты
Онлайн 86 академиялық сағат 12 желтоқсан 2025 17 желтоқсан 2025 24 желтоқсан 2025

Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға
SDU University, Extension Center атынан ресми сертификат беріледі.

10 000 теңге

SDU University, Пәнаралық зерттеу орталығы
Директор: Қали Азат Бақытұлы
Email: azat.kali@sdu.edu.kz
SDU Extension School
Болатбекова Жанерке Болатбекқызы
Рақым Рина Қайратқызы
+7 776 702 3134

Қатысу үшін тіркеліңіз:https://forms.gle/mV1c1GXHFen5bzBeA
Барлық гуманитарлық пән мұғалімдерін осы курсқа қатысып, кәсіби дамуға
қадам жасауға шақырамыз!

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: