SDU University — QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде
Азия университеттерінің білім сапасы мен ғылыми әлеуетін бағалайтын QS Asia University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды.
Биыл SDU University Азия бойынша 542-орынды, ал Орталық Азия бойынша 32-орынды иеленді.
Аталған нәтиже университетіміздің аймақтық және халықаралық деңгейде танылып, үздіксіз даму жолында екенін айғақтайды. SDU University сапалы білім мен ғылыми жетістіктер арқылы өз позициясын нығайтып, әлемдік академиялық кеңістікте бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны екенін дәлелдеуде.
Бұл жетістікпен ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек те құттықтады: «Ұжымның бірлігі мен табанды еңбегінің арқасында жоғары оқу орны жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін қолайлы зияткерлік ортаға айналды. Алдағы уақытта да білім ордасының ғылыми әлеуеті мен халықаралық ықпалы арта беретініне сенімім мол».


