Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және құқықтың болашағы: Алматыда IV IT Law Forum өтті

14 тамыз күні Алматыдағы Rahat Palace Hotel қонақүйінде Орталық Азиядағы құқық пен технология тоғысындағы басты шара — IV IT Law Forum ұйымдастырылды. Бұл форумға заңгерлер, IT саласының мамандары, мемлекеттік органдар өкілдері, бизнес қауымдастығы мен академиялық орта бір арнаға тоғысып, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу, деректерді қорғау және цифрлық егемендікті дамыту мәселелерін талқылады.

Цифрлық технологиялар қарқынды дамып, киберқауіптер күшейген заманда бұл алаң қатысушыларға тәжірибе алмасып қана қоймай, құқық пен технология саласындағы өзекті мәселелерге нақты шешім ұсынуға мүмкіндік берді.

Форум жұмысына ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР ІІМ академиясы, Алматы қалалық соты, сондай-ақ Freedom Holding Corp., GRATA International, DRCQ, TrustMe, Documentolog, Legal Click, Choco Holding, Sergek, DataArt және жетекші университеттермен қатар ірі жеке және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.

GRATA International серіктесі әрі форумның негізгі спикерлерінің бірі Ержан Есимханов:


«Жасанды интеллект дәуірі заңнаманы және заңгер мамандығын түбегейлі өзгертуде. Алдағы жылдары мемлекет, бизнес және азаматтар мүдделерінің тепе-теңдігін қайта қарап, технологияларды қоғам игілігіне пайдалану — басты міндетіміз болады», – деп пікір білдірді. 

Қатысушылардың қатарында халықаралық заң фирмаларының серіктестері, Қазақстанның ең ірі компанияларының топ-менеджерлері, мемлекеттік құрылымдар, инновациялық стартаптар мен білім беру ұйымдарының өкілдері болды. Олардың ішінде:

  • Қаржы және бизнес секторы: Ұлттық банк, Bereke Bank, Home Credit Bank, Air Astana, Kolesa Group, BASF, ABB, Freedom Holding Corp., Lotte Rakhat, ҚазАтомпром, Aviata, CTH Group, WSPN, YDA;

  • Заң фирмалары: Salus Legal, AEQUITAS, Centil Law, GRATA International, RUDIS, Linkage & Mind, Astrea KZ, Ad Lex Consult, Mizan Law Firm, ARX Patent & Law, Zhizhin Legal Studio, ZL Law Firm, AGAG Inc., AGKA;

  • IT және финтех компаниялары: Bitrix24, JetPay.kz, 1Fit, AbrTech, Green Leaves Payments, Process Lab, Sensata Group, Sensata Almaty, Viled Fashion, Cloud Centre, biometric.vision, ISDR LLC, Kipros LLP, OV Tech Limited, OneVision Limited;

  • Университеттер: Narxoz University, AlmaU, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, KBTU, Astana IT University, SDU University, Каспий университеті, Тұран университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ҚР ІІМ академиясы.

Форум бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтыды:

  1. IT Law — цифрлық орта, электрондық сервистер, цифрлық егемендік және технология этикасын реттеу.

  2. Cybersecurity & Privacy — маңызды инфрақұрылымды, жеке деректер мен құпиялылықты қорғау.

  3. Intellectual Property — әзірлеушілер мен инновациялық компаниялардың құқықтарын қорғау.

  4. AI & Legal Tech — жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды заңгерлік тәжірибеге енгізу.

Барлығы 16 спикер сөз сөйлеп, 4 панельдік пікірталас өтті.
IV IT Law Forum тағы да Қазақстандағы құқық пен технологияның болашақ күн тәртібін айқындайтын басты кәсіби алаң екенін дәлелдеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: