SDU делегациясының Қытайға ресми сапары
2025 жылдың маусым айында SDU университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар аясында Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен кездесу өткізіліп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Делегация құрамында Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы – Саудбаев Мадияр, Ғылым координаторы – Нуридденова Айзада, Құқық кафедрасының меңгерушісі – Көпбаева Айжан, Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі – Әлімжанова Айкерім болды.
Сапар барысында SDU делегациясы Қытайдың беделді 8 университетінде болып, Beijing Normal University, China University of Political Science and Law, Renmin University of China, Shanghai International Studies University, Tianjin Foreign Studies University, Tianjin Normal University, Tsinghua University, Tongji University басшылығымен ресми кездесулер өткізді.
Кездесулерде қосдипломдық бағдарламалар ашу, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасу, біліктілікті арттыру және бірлескен ғылыми зерттеулер мен конференциялар ұйымдастыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. Қытайлық әріптестер тарапынан ынтымақтастықты нығайтуға зор қызығушылық танытылды.

